1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылғы 15-22 мамыр аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу (.pdf 25/05/2020, 501,64 KB)

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 15 - 22 мамыр аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. Дамушы елдердің валюталары коронавирусқа қарсы вакцинаны жасау бойынша ілгерілеуге қатысты оптимизм жағдайында нығая түсті. АҚШ ФРЖ Төрағасы ОБ экономиканың өсуіне оралғанша барлық құралдарды қолдануға және негізгі мөлшерлемені нөлге жақын деңгейде ұстап тұруға дайын екенін мәлімдеді. Франция мен Германия ЕО экономикасын қолдау үшін шамамен $543 млрд мөлшерінде қор құруды ұсынды. Апта соңында Қытай мен АҚШ арасындағы шиеленіс жағдайында – сенаторлар Гонконгтағы ұлттық қауіпсіздік заңдарының сақталуын бақылайтын қытай шенеуніктері мен ұйымдарына санкциялар салатын заң жобасын жасады, инвесторлардың тәуекел дәрежесі біршама нашарлады. ҚХР 1994 жылдан бері алғаш рет коронавирус індетінің салдарынан ІЖӨ-нің жыл сайынғы өсуін жоспарламайды.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні былайша қалыптасты:

  • Бразилия реалы ОБ Төрағасының айырбастау бағамының фундаменталды факторлардан ауытқуы және экономикасы ұқсас басқа дамушы елдердің валюталарының динамикасына байланысты интервенциялардың ұлғаюы туралы пікірлері аясында 5,6%-ға (5,86-дан 5,53-ке дейін) нығайды;
  • Оңтүстік Африка ранды пандемия кезінде экономиканы ұстап тұру қажеттілігін ескере отырып, ОБ базалық мөлшерлемені 50 б.т. 3,75%-ға дейін қысқарту туралы шешімі аясында 5,2%-ға (18,59-дан 17,62-ге дейін) нығайды, бұл инвесторлардың күткен деңгейінде болды;
  • Мексика песосы коронавирусқа қарсы вакцина туралы хабарлар және мұнай бағасының өсуіне байланысты инвесторлардың жаһандық тәуекел деңгейін жақсарту аясында 5,1%-ға (23,96-дан 22,73-ке дейін) нығайды;
  • Ресей рублі АҚШ-та екінші апта қатарынан шикізат қорларының төмендеп келе жатқаны туралы жарияланымға, сондай-ақ экспорттаушыларды салық төлеуге дайындауға байланысты мұнайға баға белгілеудің өсуі аясында 2,6%-ға (73,48-ден 71,58-ге дейін) нығайды;
  • түрік лирасы екіжақты сауданы жеңілдету және қаржылық тұрақтылықты сақтау мақсатында Катармен валюталық своп туралы келісім лимитін $15 млрд дейін ұлғайту туралы хабарламалар аясында 1,3%-ға (6,9-дан 6,81-ге дейін) нығайды; 
  • Индонезия рупиясы коронавирустың салдарымен күресу үшін мемлекеттік компанияларға $10 млрд мөлшерінде қаржылық қолдау көрсету туралы хабарламалардың аясында 1%-ға (14 860- тан 14 710-ға дейін) нығайды;
  • үнді рупиясы Үкіметтің қысқа мерзімді проблемаларды шешуге бағытталмаған экономиканы қолдау бойынша жариялаған жоспарлары туралы инвесторлардың алаңдаушылығы аясында 0,5%-ға (75,58-ден 75,96-ға дейін) әлсіреді.

Жоғарыға