1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылғы 24 сәуір–1 мамыр аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 24 сәуір – 1 мамыр аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. АҚШ ФРЖ коронавирус салдарынан болатын тәуекелдер жағдайында экономиканы қолдау құралдарын қолдануды жалғастыратындығын жариялап, базалық мөлшерлемені 0-0,25% диапазонында ұстады. ЕОБ банктерді ұзақ мерзімді кредиттеудің жаңа бағдарламасының басталғандығы және Pandemic Emergency Purchase Programme (750 млрд еуроны құрайды) аясында облигацияларды сатып алу көлемін арттыруға дайын екендігі туралы хабарлай отырып, базалық мөлшерлемені нөл деңгейінде ұстап тұрды. 2020 жылғы 1-тоқсанда АҚШ-тың ІЖӨ 4,8% ж/ж қысқарды, бұл 2008 жылдан кейінгі ең жоғары көрсеткіш. 2020 жылғы 1-тоқсанда Еуроаймақтың ІЖӨ 3,3% ж/ж қысқарды.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні былайша қалыптасты: 

  • Индонезия рупиясы ОБ Төрағасының ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтауға дайын екендігі туралы мәлімдемесі және оның жылдың соңына дейін 15000-ға дейін нығаюын күту туралы хабарламаның аясында 3,4%-ға (15 400-ден 14 882-ге дейін) нығайды;
  • үнді рупиясы АҚШ долларының жаһандық әлсіреуі және коронавирусқа қарсы дәрідәрмектер туралы хабарламаға байланысты инвесторлардың тәуекел дәрежесінің жақсаруы жағдайында 1,8%-ға (76,46-дан 75,1-ге дейін) нығайды; 
  • Бразилия реалы ОБ тәуекел сентиментінің жаһандық жақсаруы және валюталық интервенциялары аясында 1,8%-ға (5,59-дан 5,49-ға дейін) нығайды; 
  • Мексика песосы елдің ІЖӨ 2020 жылғы 1-тоқсанда 1,6% ж/ж қысқарғаны туралы деректердің шығуына қарамастан, АҚШ-та жағымсыз экономикалық деректердің шығуы және АҚШ ФРЖ отырысынан кейін АҚШ долларының әлсіреуі жағдайында 1,6%-ға (24,98- ден 24,58-ге дейін) нығайды;
  • Оңтүстік Африка ранды шетелдік инвесторлардың жергілікті МБҚ орналастыруға қызығушылығын қалпына келтіру аясында 1,2%-ға (19,04-тен 18,81-ге дейін) нығайды. Ел Президенті 1 мамырдан бастап карантин шараларының әлсірейтінін жариялады; 
  • түрік лирасы 0,6%-ға (6,97-ден 7,01-ге дейін әлсіреді). ОБ инфляция қарқыны бойынша болжамын 2020 жылы 7,4%-ға дейін төмендетті (бұрынғы болжам 8,2% болған); 
  • Ресей рублі 1,1%-ға (74,55-тен 75,36-ға дейін) әлсіреді. Мұнай бағасының өсуі жағдайында нығайғаннан кейін, демалыс күндері алдындағы позицияларды жабу кезінде апта соңында айтарлықтай әлсіреді.

Жоғарыға