Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты 19 мамыр күні сағат 10-нан 11-ге дейін ҚҰБ-тың интернет-ресурсы уақытша ажырауы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылғы 27 наурыз-3 сәуір аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 27 наурыз - 3 сәуір аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. АҚШ ФРЖ репо операциялары шеңберінде қазынашылық бағалы қағаздарға кепілдік ретінде шетелдік орталық банктер үшін АҚШ долларының өтімділік бағдарламасы туралы жариялады. Мұнай өндіруді шектеуді талқылау үшін жетекші мұнай өндірушілердің жиналысы болуы мүмкін екендігі туралы хабарламалар пайла болды. Наурыз айындағы АҚШ-тың еңбек нарығы туралы есеп жарияланды: ауылшаруашылық емес сектордағы жұмыс орындарының саны 2010 жылдан бері алғаш рет 710 мың адамға азайды, жұмыссыздық 3,5%-дан 4,4%-ға дейін өсті. Дамушы елдердің валюталары негізінен ҚХР-дан тыс коронавирустың одан әрі таралуы және әлемдік экономиканың бәсеңдеуін күту аясында әлсіреді.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні былайша қалыптасты:

  • Ресей рублі Д.Трамптың Ресей Федерациясы мен Сауд Арабиясында мұнай өндіруді азайту қажеттілігі туралы айтқанынан кейін мұнай бағасының өсуі аясында 3%-ға (78,92-ден 76,58-ге дейін) нығайды;
  • Индонезия рупиясы Қаржы министрлігінің 2020 жылы экономикалық өсу болжамын 5,3%- дан 2,3%-ға дейін екі есе төмендетуі аясында 1,6%-ға (16 170-тен 16 430-ға дейін) әлсіреді;
  • үнді рупиясы брокерлердің көпшілігінің қашықтан жұмыс істеуге ауысуы салдарынан инвесторлардың тәуекел дәрежесінің төмендігі және жергілікті қаржы нарықтарындағы белсенділіктің төмендеуі аясында 1,8%-ға (74,85-тен 76,2-ге дейін) әлсіреді. Үндістан үкіметі шетелдік портфельдік инвесторлардың жергілікті корпоративті облигацияларды орналастыруға қатысуының рұқсат етілген шегін халықаралық борыштық құралдардың индекстеріне кіруді қамтамасыз ету үшін 15%-ға дейін арттырды;
  • түрік лирасы инвесторлардың әлемдік тәуекел сентиментінің нашарлауы аясында 4,3%-ға (6,45-тен 6,73-ке дейін) әлсіреді, өндіріс саласындағы іскерлік белсенділіктің индексі наурызда ақпандағы 52,4-тен 48,1-ге дейін төмендеді;
  • Бразилия реалы жергілікті активтерден капиталдың әкетілуі аясында 4,9%-ға (5,1-ден 5,35-ке дейін) әлсіреді. Үкімет коронавирус дағдарысына байланысты еңбек нарығы туралы мәліметтерді жариялауды кейінге қалдырды, компаниялар уақытында ақпарат бере алмады;
  • Мексика песосы Президенттің корпоративтік секторға салық жеңілдіктерін беруден бас тартуы аясында 7,2%-ға (23,34-тен 25,01-ге дейін) әлсіреді;
  • Оңтүстік Африка ранды Fitch рейтингтік агенттігінің тәуелсіз рейтингті ВВ деңгейіне дейін – инвестициядан екі сатыға төмендету туралы шешімі аясында 8,1%-ға (17,62-ден 19,04-ке дейін) әлсіреді.

Жоғарыға