Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты 19 мамыр күні сағат 10-нан 11-ге дейін ҚҰБ-тың интернет-ресурсы уақытша ажырауы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылғы 13 - 27 наурыз аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 13 - 27 наурыз аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. АҚШ ФРЖ негізгі мөлшерлеменің 0-0,25%-ға дейін төмендетілгені туралы, сондай-ақ коронавирустың әсерінен саны бойынша жеңілдету бағдарламасын іске қосу туралы хабарлады. Англия Банкі мөлшерлемені 0,1%- ға дейін төмендетті және активтерді сатып алу көлемін ұлғайтты. ФРЖ сонымен қатар, әлемнің 9 жетекші орталық банктерімен своп желілері аясында АҚШ долларындағы өтімділікті арттыру бойынша келісілген шаралар туралы хабарлады. АҚШ конгресі экономиканы ұстап тұру үшін 2 трлн доллар бөлуге келісім берді. Өткен аптаның ортасынан бастап дамушы елдердің валюталары әлемдік экономиканы қолдау жөніндегі ауқымды шаралар аясында тұрақтану белгілерін көрсетуде. Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні былайша қалыптасты:

  • үнді рупиясы 1,3%-ға (73,91-ден 74,85-ке дейін) әлсіреді. Үндістанның резервтік банкі жалпы сомасы $50 млрд құрайтын өтімділікті қамтамасыз ету шаралары туралы жариялап, негізгі мөлшерлемені 5,15%-дан 4,4%-ға дейін төмендетті; 
  • түрік лирасы 1,9%-ға (6,33-тен 6,45-ке дейін) әлсіреді. Президент коронавирустың салдарымен күресу шараларын жариялады, экономиканы ынталандыру көлемі $15,4 млрд болды;
  • Бразилия реалы ОБ мөлшерлемені одан әрі төмендету туралы шешімді жоспарламайтынын білдіре отырып, негізгі мөлшерлемені 50 б.т. 3,75%-ға дейін төмендету туралы шешімінің аясында 5,4%-ға (4,84-тен 5,1-ге дейін) әлсіреді. Реттеуші коронавирус пандемиясына байланысты экономикалық тоқырауды күтеді;
  • Мексика песосы S&P агенттігінің тәуелсіз рейтингті BBB деңгейіне дейін төмендету туралы шешімі аясында 6,5%-ға (21,92-ден 23,34-ке дейін) әлсіреді;
  • Оңтүстік Африка ранды елдің егемендік борышының рейтингінің Moody's инвестициялық агенттігінен төмен деңгейге дейін нашарлауы аясында 8,2%-ға (16,28-ден 17,62-ге дейін) әлсіреді;
  • Ресей рублі мұнай нарығындағы теріс динамиканың және инвесторлардың тәуекел деңгейінің нашарлауы аясында 8,9%-ға (72,44-тен 78,92-ге дейін) әлсіреді;
  • Индонезия рупиясы мөлшерлемені 25 б.т. 4, 5%-ға дейін төмендеуі аясында 9,4%-ға (14 778-ден 16 170-ке дейін) әлсіреді, экономикалық өсу болжамы 4,2-4,6% дейін түзетілді (5-5,4% - алдыңғы болжам бойынша). Реттеуші қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін күнделікті өтімділікті қамтамасыз ету операцияларын бастады.

Жоғарыға