1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылғы 6–13 наурыз аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 6 – 13 наурыз аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. ДДҰ коронавирус инфекциясының таралуын пандемия деп жариялады. Сауд Арабиясы мен Ресейдің ОПЕК мәмілесі шеңберінде келісімге келе алмауының салдарынан нарықтағы үлесі үшін күресу барысында мұнай өндірісін ұлғайту туралы жоспарларын хабарлады. Д.Трамп коронавирусқа байланысты АҚШ-та төтенше жағдайлар режимін хабарлады, бұл шара штаттар мен муниципалитеттерге көмек көрсету үшін федералдық қаражатты пайдалануға мүмкіндік береді. Әлемнің Орталық банктері экономикаға қолдау көрсету шаралары туралы жариялады: АҚШ ФРЖ нарыққа $1,5 трлн қысқа мерзімді өтімділік береді, ЕОБ активтерді сатып алу бағдарламасын, жыл соңына дейін айына қосымша 120 млрд-қа ұлғайтқаны туралы хабарлады, Жапония Банкі және Австралиялық Резервтік банк өтімділікті қосқаны туралы жариялады.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні былайша қалыптасты: 

  • үнді рупиясы тәуекел дәрежесінің нашарлауы, жергілікті қор индекстерінің төмендеуі аясында 0,2%-ға (73,78-ден 73,91-ге дейін) әлсіреді. ОБ валюталық своптар арқылы $2 млрд беру жоспарлары туралы жариялады.
  • Индонезия рупиясы жаһандық инвесторлардың тәуекел сентиментінің төмендеуі және капиталдың әкетілуі аясында 3,8%-ға (14 243-тен 14 778-ге дейін) әлсіреді;
  • Оңтүстік Африка ранды бейрезиденттердің ОАР МБҚ-сын рекордтық сатуы (1 күнде $721 млн.) аясында 3,8%-ға (15,68-ден 16,28-ге дейін) әлсіреді; 
  • түрік лирасы елде коронавируспен ауырған алғашқы жағдайдың расталуы және инвесторлардың тәуекел дәрежесінің жаһандық төмендеуі аясында 3,9%-ға (6,09-дан 6,33-ке дейін) әлсіреді. Үкімет бірқатар шектеу шараларын енгізді, олардың ішінде – мектептерде сабақтар тоқтатылып, спорттық шаралар көрермендерсіз өткізілуде;
  • Бразилия реалы Конгресс пен үкімет арасындағы саяси келіспеушіліктер, сондай-ақ капиталдың әкетілуі аясында 4,5%-ға (4,63-тен 4,84-ке дейін) әлсіреді;
  • Ресей рублі мұнай бағасының құлдырауы және қор және борыштық нарықтардан капиталдың әкетілуі аясында 5,7%-ға (68,55-тен 72,44-ке дейін) әлсіреді;
  • Мексика песосы Президенттің валюталық интервенциялар жүргізуден және фискалды ынталандырудан бас тартуы аясында 9%-ға ( 20,11-ден 21,92-ге дейін) әлсіреді.

Жоғарыға