1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылғы 14-21 ақпан аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 14 - 214 ақпан аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды.Коронавирустың таралуы салдарынан Қытайдан сұраныстың құлдырауы аясында ақпанда Аустралия мен Жапонияның іскерлік белсенділік көрсеткіштері бәсеңдеді. Қытайдың ОБ орта мерзімді кредиттеу мөлшерлемелерін 3,25%-дан 3,15%-ға азайтты және осы операциялар шеңберінде экономиканы қолдау үшін банктерге 200 млрд юань мөлшерінде жаңа қарыз берді. ЕО өнеркәсіптегі және көрсетілетін қызметтер саласындағы іскерлік белсенділік көрсеткіштері ақпанда талдаушылардың болжамынан да асып түсіп 51,6 дейін өсті. АҚШ ФРЖ хаттамасы жарияланды, онда шенеуніктер ақша-кредит саясатының ағымдағы бағамының біраз уақыт мақсатқа сай болып қалатындығы туралы пікірлерін білдірді.

Осы факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда нығаюына әкелді.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні былайша қалыптасты:

  • үнді рупиясы әлсіз тәуекел дәрежесі мен капиталдың әкетілуі аясында 0,4%-ға (71,37-ден 71,66-ға) әлсіреді;
  • Индонезия рупиясы ОБ-ның экономиканы қолдау үшін «ескертуші» ретінде негізгі мөлшерлемені 4,75%-ға дейін төмендету туралы шешімі аясында 0,5%-ға әлсіреді. Коронавирустың таралуы аясында қаңтарда экспорт ж/ж 3,71%-ға қысқарды;
  • түрік лирасы негізгі мөлшерлеменің 10,75%-ға (11,25%-дан) азаюы, сондай-ақ геосаяси тәуекелдердің сақталуы және АҚШ долларының нығаюы аясында 0,7%-ға (6,06-дан 6,1-ге дейін) әлсіреді;
  • Оңтүстік Африка ранды рейтингтік агенттіктің ел экономикасының өсу болжамын түзетуі аясында 0,7%-ға (14,91-ден 15,01-ге дейін) әлсіреді, бұл тәуелсіз рейтінгтің инвестициялық рейтингтен төмендеу ықтималдылығын ұлғайтады. Eskom энергетикалық компаниясы электр энергиясының өшірілгені туралы хабарлады;
  • Ресей рублі коронавирустың таралуынан, сондай-ақ Сириядағы ахуалдың ушығуынан геосаяси тәуекелдердің артуынан қауіптенуі аясында 0,7%-ға ( 63,52-ден 63,95-ке дейін) әлсіреді;
  • Мексика песосы жаһандық инвесторлардың коронавирустың таралуынан қауіптенуіне байланысты тәуекелден кетуі аясында 1,9%-ға (18,54-тен 18,9-ға дейін) әлсіреді;
  • Бразилия реалы инвесторлардың тәуекел-сентиментінің нашарлауы және ағымдағы шот дефицитінің $11,9 млрд долларға дейін үлкейгені туралы деректердің жариялануы аясында 2,3%-ға (4,29-дан 4,39-ға дейін) әлсіреді.

Жоғарыға