1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылғы 31 қаңтар - 7 ақпан аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 31 қаңтар - 7 ақпан аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. АҚШ-тың өнеркәсіптегі белсенділік индексі екі айлық құлдыраудан кейін қаңтар айында 50,9-ға жетті. Ұлыбританияның премьер-министрі мен Брекзит мәселесі бойынша ЕО бас өкілі өтпелі кезеңнен кейінгі тараптар арасындағы қатынастар туралы қарамақарсы пікірлерді ұсынды. АҚШ сенаты импичмент ісі бойынша Д.Трампты ақтады. Қытай Халық банкі коронавирустың таралуының жағымсыз экономикалық салдарын еңсеру үшін экономикаға шамамен 1,2 трлн юань құйғаны туралы мәлімдеді. АҚШ-тың қаңтардағы еңбек нарығы бойынша қатаң есеп жарияланды: ауылшаруашылық емес сектордағы жұмыс орындарының саны 225 мыңға артты, жұмыссыздық деңгейі 3,6%-ға, жалақы 0,2% м/м артты.

Осы факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда нығаюына әкелді.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні былайша қалыптасты:

  • Мексика песосы керри-трейд стратегиясының тартымдылығына және МБҚ-ның жоғары кірістілігіне байланысты капитал ағынының аясында 0,4%-ға (18,84-тен 18,77-ге дейін) нығайды;
  • Индонезия рупиясы соңғы 4 жылда баяу экономикалық өсу туралы деректердің шығуы аясында 0,1%-ға (13 655-тен 13 675-ке дейін) әлсіреді, 2019 жылы жылдық + 5,02%;
  • үнді рупиясы еңбек нарығы бойынша нақты деректердің шығуына байланысты инвесторлардың тәуекел дәрежесінің нашарлауы және АҚШ долларының жаһандық нығаюы аясында 0,1%-ға (71,36-дан 71,40-қа дейін) әлсіреді;
  • Ресей рублі РФ ОБ негізгі мөлшерлемені 6%-ға дейін төмендету туралы шешімі аясында 0,1%-ға (63,96-дан 64,05-ке дейін) әлсіреді, реттеуші инфляцияның күрт баяулауы жағдайында ақша-кредит саясатының болашақ бағыты туралы жеңіл белгіні сақтады;
  • Оңтүстік Африка ранды қаңтар айында ОАР өңдеу өнеркәсібіндегі сентименттің төрт айда ең төменгі деңгейге дейін нашарлауы туралы деректердің шығуы аясында 0,2%-ға (15,02-ден 15,06-ға дейін) әлсіреді, өйткені сұраныстың әлсіз болуы кәсіпорындардың өндірісіне әсер етті; 
  • түрік лирасы инфляцияның жеделдетілуі туралы деректердің болжанған мәндерден асып түсуі аясында 0,5%-ке (5,98-ден 6,01-ге) дейін әлсіреді, ол нақты мөлшерлемелердің нөлден төмен Жапониядағы кірістілікпен салыстырылатын деңгейге дейін төмендеуіне әкелді;
  • Бразилия реалы желтоқсанда екі ай қатарынан өнеркәсіп өндірісінің төмендеуі туралы статистиканың жариялануы аясында 0,8%-ға (4,28-ден 4,32-ге дейін) әлсіреді, нәтижесінде бір жыл ішінде өнеркәсіп 1,1%-ға төмендеді, бұл Орталық банктің мөлшерлемелерді төмендету ықтималдығын арттырады.

Жоғарыға