1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылғы 17-24 қаңтар аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 17 - 24 қаңтар аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. Коронавирустың Қытайда таралуы жаһандық инвесторлардың әлемдік экономиканың өсу перспективалары туралы алаңдаушылығын тудырды. ЕЦБ негізгі мөлшерлемені өзгеріссіз қалдыруға шешім қабылдады, ЕЦБ президенті Кристин Лагард базалық инфляцияның қалыпты өсу белгілерін атап өтті. Ұлыбританияның еңбек нарығының есебіне сәйкес, соңғы 40 жылдағы жұмыссыздық деңгейі - 3,8%.

Осы факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда нығаюына әкелді.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні былайша қалыптасты:

  • Оңтүстік Африка ранды талдаушылардың болжамына сәйкес желтоқсанда инфляцияның 4%-ға дейін үдеуі туралы мәліметтер аясында 0,6%-ға (14,47-ден 14,39-ға дейін) нығайды.
  • Индонезия рупиясы капиталдың әкелінуі аясында, сондай-ақ Fitch халықаралық рейтингтік агенттігінің елдің тәуелсіз рейтингін BBB деңгейінде тұрақты болжамымен растауы аясында 0,5%-ға (13 645-тен 13 583-ке дейін) нығайды;
  • үнді рупиясы ҚХР-да вирустың тез таралуына қатысты алаңдаушылық аясында 0,3%- ға (71,09-дан 71,33-ке дейін) әлсіреді. ОБ мемлекеттік облигацияларға шетелдік инвестициялардың лимитін қаражатын үш жылдан астам уақытқа орналастырған инвесторлар үшін 1,5 трлн рупийге ($ 21 млрд) дейін ұлғайтылғанын хабарлады;
  • Бразилия реалы экономика министрінің Бразилия реалының төмен бағамы және төмен мөлшерлемелердің «жаңа норма» екендігі туралы түсіндірмелері аясында 0,5%-ға (4.16-дан 4.18-ге дейін) әлсіреді;
  • Мексика песосы мұнай бағасының түсуі аясында 0,7%-ға (18,66-дан 18,79-ға дейін) әлсіреді. Қаңтардың ортасында инфляция бәсеңдеді, бұл инвесторлардың алдағы уақытта ОБ негізгі мөлшерлемені төмендетуге дайын деген үміттерін растайды;
  • түрік лирасы Үкіметтің барынша бәсекеге қабілетті ұлттық валютаны ұстап тұру қажеттілігі туралы түсіндірмелері аясында 0,8%-ға (5,89-дан 5,94-қа дейін) әлсіреді, бұл ретте инфляцияға түзетумен қарыз алулар бойынша теріс мөлшерлеме жаңа құбылыс емес, номиналды мөлшерлемені бақылау маңызды; 
  • Ресей рублі мұнай бағасының құлдырауы және экспорттаушылардың салық төлемдерін аяқтауы аясында 0,9%-ға (61,6-дан 62,16-ға дейін) әлсіреді.

Жоғарыға