1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2019 жылғы 22 қараша – 29 қараша аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сыртқы валюта нарығында 2019 жылғы 22 қараша – 29 қараша аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. АҚШ Президенті екі тарап арасындағы телефонмен сөйлесуден кейін ҚХР-мен сауда-саттық мәмілелер жасасуға аз уақыт қалғаны жөнінде хабарлады. Дегенмен де, Д.Трамп Гонконгтағы наразылық білдірушілерді қолдайтын заң жобасына қол қойды. Заң жобасы Американың заңына сәйкес Гонконгтың сауда-саттық мәртебесін, сондай-ақ адам құқығының бұзылуына және қаланың автономиясының жойылуына жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты санкцияларды жыл сайын қайта қарауды ұйғарады. Қытайдың Сыртқы істер министрі дәлелдер келтірместен, тағы да жауап шараларымен сес көрсетті. АҚШ-тың ФРЖ басшысы АҚШ экономикасына оң баға берді және төмен инфляцияны ескерумен таяу уақытта пайыздық мөлшерлеменің өсуі екі талай екендігі жөнінде ескертті.

АҚШ доллары бағамының серпіні дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда әртүрлі бағытта болды.

Дамушы елдердің валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні былайша қалыптасты:

  • Оңтүстік Африка ранды Д.Трамптың Қытаймен сауда-саттық келіссөздер барысы жөніндегі оң түсініктемесінің, сондай-ақ ОАР-да екі жыл көлемінде алғашқы рет 4-тоқсанда іскерлік сенімділіктің жақсаруы туралы статистиканың жариялануы аясында 0,3%-ға (14,72-ден 14,67-ге дейін) нығайды;
  • үнді рупиясы бір апта ішінде айтарлықтай өзгерген жоқ (71,71-ден 71,74-ке дейін нығайып), сол уақытта Үндістанның ІЖӨ 3-тоқсанда 4,5%-ға ж/ж баяулады, ол соңғы жылдардың ішінде ең баяу қарқын болып табылады;
  • Индонезия рупиясы елдің қор нарығынан шетелдік капиталдың әкетілуі, сондай-ақ орталық банк басшысының ынталандырушы ақша-кредит саясатын сақтау туралы мәлімдемесінің аясында 0,1%-ға (14 092-ден 14 108-ге дейін) әлсіреді;
  • түрік лирасы Ресейлік С-400 қорғаныс жүйесінің сынақтарының басталуы аясында 0,7%-ға (5,71-тен 5,75-ке дейін) әлсіреді, ол АҚШ тарапынан санкцияларға мүмкіндікті ұлғайтады;
  • Ресей рублі қарашада салық кезеңін аяқтағаннан кейін рубльдік өтімділікке сұраныстың төмендеуі, сондай-ақ мұнай бағасының түсуі аясында 0,7%-ға (63,87-ден 63,34-ке дейін) әлсіреді;
  • Мексика песосы 2018 жылдың соңғы тоқсанында және 2019 жылдың екінші тоқсанында ІЖӨ көрсеткіштерін теріс бөлігінде қайта қарау аясында 0,8%-ға (19,38-ден 19,53-ке дейін) әлсіреді, ел экономикасы деректерге сәйкес маусымдық тазалаумен 2019 жылдың 1- жартысында рецессияда болды.
  • Бразилия реалы экономика көрсеткіштерінің нашарлауы аясында – ағымдағы шот дефициті ұлғаюын жалғастырды 1%-ға (4,2-ден 4,24-ке дейін) әлсіреді.

Жоғарыға