Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 27 сәуір сағат 9:00-ден 28 сәуір сағат 23:00-ке дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қараша айындағы шолу: дамушы елдер валюталарының динамикасына қандай факторлар әсер етті

Өткен айда АҚШ ФРЖ мөлшерлемені төмендету циклін бастау мүмкіндігі туралы мәлімдеді. Бұл статистикалық деректермен бірге АҚШ долларының DXY индексінің 3%-ға жуық әлсіреуіне алып келді. Мысалы, жылдық инфляция 3,7%-дан 3,3%-ға дейін төмендеді, ал жұмыссыздық деңгейі 3,8%-дан 3,9%-ға дейін артты. Бұл жеңілдету циклінің жақын арада басталатынын көрсетеді. Оған қоса, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға арналған өтінімдер 210 мыңнан 217 мыңға дейін өсті. Ал талдаушылар мұндай өзгерісті күтпеген еді. Жалпы, бұл факторлар жақын арада АҚШ монетарлық саясатының жеңілдей бастауын болжаған нарыққа қатысушылардың күтулеріне әсер етті.  

Бір ай ішінде дамушы елдердің валюта бағамдарының динамикасы төмендегідей қалыптасты:

Қараша айының қорытындысы бойынша Ресей рублі 4,2%-ға (93,4-тен 89,45-ке дейін) нығайды. Бұл, ең алдымен, 2023 жылғы 1 қарашадан бастап күшіне енген экспорттаушылардың валюталық түсімді міндетті түрде сату нормасын енгізуге байланысты орын алды. 11 қарашадағы деректер бойынша РФ экспорты қыркүйекте 36,1 млрд АҚШ долларынан 40 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайды. Ал сауда балансы екінші ай қатарынан ұлғайып, 2022 жылғы наурыздан бері алғаш рет 15,3 млрд АҚШ долларына жетті.

Мексика песосы 3,7%-ға (18,05-тен 17,38-ге дейін) нығайды. Ең алдымен 3,2% болжам кезінде жылдық мәнде 3,3%-ды құраған ЖІӨ-нің өсуіне байланысты болды. Күшті статистикалық көрсеткіштер жылдық инфляцияның баяулауы арқылы нығайды. Мысалы, тұтыну бағаларының индексі 4,45%-дан 4,26%-ға дейін баяулады. Мексика песосының нығаюына АҚШ ФРЖ-ның «төмендету» жөніндегі мәлімдемелері және доллар индексінің жаһандық әлсіреуі де ықпал етті.

Индонезия рупиясы сауда балансының жоғары профициті аясында 2,4%-ға (15885-тен 15510-ға дейін) нығайды. Мысалы, қараша айында жарияланған сауда балансының профициті 3 млрд АҚШ доллары болжамы кезінде 3,48 млрд долларды құрады. Рупияның нығаюына тұтыну инфляциясының 2,56%-ға дейін шамалы артуы да ықпал етті. Бұл Индонезия Банкін базалық мөлшерлемені бұрынғы деңгейінде қалдыруға мәжбүрледі. АҚШ ФРЖ мөлшерлемесін қатаңдату циклінің аяқталуымен бірге нарық конъюнктурасы рупияға қолайлы болды.

Бразилия реалы Бразилия Орталық Банкінің арттыру жөніндегі мәлімдемелері аясында 2,4%-ға (5,04-тен 4,92-ге дейін) нығайды. Хаттамаға сәйкес, комитет АКС-ты жеңілдетудің күтілетін және ағымдағы ішкі инфляцияға байланысты болатыны, ал жеңілдету циклінің бірқалыпты болатыны жөнінде мәлімдеді. Бразилия валютасына деген сенімділік те экономистердің инфляцияның жыл соңына дейін 4,59%-дан 4,55%-ға дейін төмендейтіні жөніндегі болжамына орай нығайды.

Үнді рупиясы сауда балансының рекордтық жоғары тапшылығы аясында 0,2%-ға (83,26-дан 83,39-ға дейін) әлсіреді. Талдаушылардың болжамы бойынша тапшылық 20,4 млрд доллар деңгейінде қалыптасуы тиіс болғанмен, іс жүзінде 31,5 млрд АҚШ доллары деңгейінде қалыптасты. Инфляция жөніндегі деректер болжамды мәндерден де нашар болып шықты, болжам 4,8% болған кезде инфляция 4,87% деңгейінде қалыптасты.

Оңтүстік Африка ранды инфляцияның жоғарылауы аясында 1,1%-ға (18,65-тен 18,85-ке дейін) әлсіреді. Талдаушылардың 5,6% болжамы кезінде инфляция 5,9% деңгейінде қалыптасты. Жалпы, Оңтүстік Африка валютасы үшін қараша айы айтарлықтай құбылмалы болды, айдың ортасына қарай 18,18-ге дейін 2,5%-ға нығайған ранд қарашаның соңына қарай 18,85-ке дейін әлсіреді. Бұл электр энергиясының үнемі ажыратылуына және теміржол көлігі мен порттардағы шектеулерге де байланысты болып, экономикалық өсуге теріс әсер етеді. Бұдан басқа, Оңтүстік Африка елдердің «сұр» тізіміне енгізілді, одан кейін трансшекаралық транзакцияларды өңдеу құны мен уақыты едәуір артты.

Базалық мөлшерлеменің 500 базистік тармаққа кезекті өсуіне қарамастан, түрік лирасы 2%-ға (28,3-тен 28,87-ге дейін) әлсіреді. Базалық мөлшерлеме 40% болған кезде, Түркиядағы жылдық инфляция 61,36%-ды құрады. Бұл нақты мөлшерлемесі теріс аймақта тұрған Түркия экономикасына шетелдік инвесторлардың қызығушылығын тудырмайды. Сонымен қатар, сауда балансы 5,01 млрд АҚШ долларынан 6,52 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайып, теріс аймақта тұр.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға