Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 27 сәуір сағат 9:00-ден 28 сәуір сағат 23:00-ке дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023 жылғы 3-10 ақпан аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 10 ақпанда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 1,7%-ға (458,69 теңгеден) нығайып, 1 АҚШ доллары үшін 450,79 теңге деңгейінде қалыптасты.

2023 жылғы 3-10 ақпан аралығында сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды. АҚШ-тың Еңбек министрлігі өткен аптада жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға жаңадан өтініш берген америкалықтардың саны 13 000-ға өсіп, 196 000-ға жеткенін хабарлады. Бұл сарапшылардың орташа болжамынан асып түсті. Еңбек нарығы бойынша аралас деректер шыққаннан кейін, АҚШ ФРЖ төрағасы Джером Пауэлл, басқа басшылармен бірге мөлшерлемені одан әрі өсіру – инфляцияны тежеу үшін және экономикалық өсуді бәсеңдету үшін қажет деп мәлімдеді. Осыған байланысты АҚШ қазынашылық облигацияларының кірістілігі АҚШ долларының позициясын нығайта отырып (DXY АҚШ доллары индексі 0,69%-ға өсті), өсуді көрсетті. Жапония Банкін бұрын елдің Орталық банкін басқарушылар кеңесінде болған 71 жастағы Кадзуо Уэда басқаруы мүмкін. Сарапшылар бұл шешімді биліктің ОБ басында әсіре жұмсақ ақша-кредит саясатын тоқтатуға асықпайтын адамды көргісі келетінімен байланыстырды.

Жоғарыда аталған факторлар көбінесе дамушы нарықтарда валюталардың теріс динамикасын көрсетті. Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюталар бағамының[1] динамикасы төмендегідей қалыптасты:  

  • Мексика песосы ОБ-ның пайыздық мөлшерлемені талдаушылардың күткенінен жоғары, рекордтық 11%-ға дейін 50 базистік тармаққа ұлғайтуы аясында 1,6%-ға (18,97-ден 18,67-ге дейін) нығайды;
  • түрік лирасы 0,1%-ға (18,83-тен 18,81-ге дейін) болмашы нығайды. Түркия қатты жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарда үш айға төтенше жағдай жариялады;
  • үнді рупиясы ОБ-ның пайыздық мөлшерлемені 6,5%-ға дейін 25 базистік тармаққа ұлғайтуына қарамастан, 0,8%-ға (81,84-тен 82,51-ге дейін) әлсіреді;
  • Индонезия рупиясы шетелдік капиталдың әкетілуі аясында 1,6%-ға (14894-тен 15134-ке дейін) әлсіреді. Қаржы министрлігінің дерегі бойынша, 8 ақпанда МБҚ сатылымы 152 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2022 жылғы 5 қазаннан бергі ең қомақты күнделікті әкетілу болды;
  • Бразилия реалы президент Лула да Сильваның 13,75% негізгі мөлшерлеменің қазіргі деңгейі тым жоғары деген пікірлері аясында 1,6%-ға (5,13-тен 5,21-ге дейін) әлсіреді, мұны талдаушылар монетарлық саясатқа араласу ретінде қарастырады және ОБ-ның тәуелсіздігіне күмән тудырады. Ұлттық валюта кеңесі ОБ мен президент арасындағы шиеленісті бәсеңдету мақсатында инфляцияның нысаналы көрсеткіштерін тезірек қайта қарау мүмкіндігін қарастыруда;
  • Оңтүстік Африка ранды елдегі энергетикалық дағдарысқа байланысты төтенше жағдай туралы хабарландыру аясында 2,2%-ға (17,48-ден 17,86-ға дейін) әлсіреді. Үкімет өзінің күн энергиясын өндіретін кәсіпорындар мен үй шаруашылықтарына салық жеңілдіктерін жоспарлап отыр;
  • Ресей рублі бюджет тапшылығының (2023 жылғы қаңтардың қорытындысы бойынша
    1,8 трлн рубль) өсуі аясында 4%-ға (70,6-дан 73,39-ға дейін) әлсіреді.



[1] АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан барынша көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға