1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылғы 2-9 қыркүйек аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 9 қыркүйекте теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,2%-ға (472,47 теңгеден) әлсіреп, 1 АҚШ доллары үшін 473,35 теңге деңгейінде қалыптасты.

2022 жылғы 2-9 қыркүйек аралығында cыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды. АҚШ ФРЖ басшысы Джером Пауэлл инфляцияны төмендету үшін шаралар қабылдауға дайын екенін растады, бұл келесі отырыста мөлшерлеменің 75 базистік тармаққа тағы да көтеріледі деген болжамды нығайта түсті. ЕОБ инфляцияны 2% нысаналы деңгейіне қайтару үшін базалық мөлшерлемені 1,25%-ға дейін 75 базистік тармаққа көтерді. Жапонияның Қаржы министрі Сюнъити Судзуки жеңіл ақша-кредит саясатының сақталуына байланысты жапон йенасының рекордтық түрде әлсіреуіне қатысты алаңдаушылық білдіріп, жауап болатынын ескертті.

Бұл факторлар дамушы нарықтардағы валюталардың әр түрлі бағыттағы динамикасына алып келді.  

Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюталар бағамының динамикасы төмендегідей қалыптасты:

  • Индонезия рупиясы 2023 жылы инвестициялардың әкелінуі бойынша Үкіметтің нысаналы (тікелей шетелдік және жергілікті) көрсеткішті арттыруы аясында 0,4%-ға (14 896-дан 14 830-ға дейін) нығайды;
  • Бразилия реалы 0,4%-ға (5,17-ден 5,15-ке дейін) нығайды. Наразылықтардың болмауы және қазан айында өтетін президенттік сайлау алдында Бразилияның тәуелсіздік күнін мерекелеу кезінде Президент Дж. Болсонарудың қалыпты риторикасы инвесторларға сайлаудан кейін бейбіт кезеңнің орын алу ықтималдығы жөнінде үміт береді;
  • үнді рупиясы 0,3%-ға (79,8-ден 79,58-ге дейін) нығайды. Мұнай бағасының төмендеуі Үндістанның ұлттық валютасына қолдау көрсетті;
  • Мексика песосы 0,3%-ға (19,95-тен 19,9-ға дейін) нығайды. Мексикадағы инфляция
    2000 жылдан бері тамызда асқан жылдамдықпен қарқын алды (8,7% ж/ж);
  • Оңтүстік Африка ранды 17,31 деңгейінде қалып, бір аптада өзгерген жоқ. 2022 жылдың 2-тоқсанында ағымдағы шоттың ЖІӨ-ден (-)1,3% тапшылығы туралы деректер айырбастау бағамына қысым көрсетті;
  • Ресей рублі мұнай бағасын белгілеудің төмендеуі аясында 60,58-ден 60,6-ға дейін біршама әлсіреді;
  • түрік лирасы тамызда инфляцияның ж/ж 80,2%-ға өскені туралы деректердің шығуы аясында 0,2%-ға (18,19-дан 18,22-ге дейін) әлсіреді.


Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press.nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға