1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылғы 1 – 8 шілде аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша 8 шілдеде теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 1,8%-ға (466,44 теңгеден) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 474,92 теңге деңгейінде қалыптасты.

2022 жылғы 1-8 шілде аралығындағы кезеңде сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. Маусымда ауыл шаруашылығына жатпайтын саладағы орындар санының
372 мыңға (талдаушылардың күткенінен жоғары) артуы аясында АҚШ еңбек нарығы бойынша күшті деректердің шығуы АҚШ ФРЖ ақша-кредит саясатын қарқынды түрде қатаңдату қажеттілігі туралы күтуді қайта күшейтті. АҚШ ФРЖ маусымдағы отырысының жарияланған хаттамасында шенеуніктер мөлшерлемені тағы 50-75 б.т. көтеру туралы мәселені қарауға дайын екендігін білдірді.

Бұл факторлар көбінесе дамушы нарықтар валюталарының теріс динамикасына алып келді.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының динамикасы төмендегідей қалыптасты:

  • Бразилия реалы ҚХР-дың өз экономикасын $220 млрд көлемінде қолдау жөніндегі жоспарлары туралы хабарлардан кейін металл бағасының өсуі аясында 1,3%-ға (5,33-тен 5,26-ға дейін) нығайды. Маусымда инфляцияның 11,89%-ға дейін ж/ж жылдамдауының жалғасуы тамызда мөлшерлеменің көтерілетіні туралы күтулердің артуына әсер етеді;
  • Индонезия рупиясы әлемдік құлдырау тәуекеліне байланысты шетелдік капиталдың әкетілуі аясында 0,2%-ға (14 943-тен 14 979-ға дейін) әлсіреді;
  • үнді рупиясы АҚШ доллары бағамының жаһандық нығаюы және жергілікті акциялар нарығынан рекордтық әкету аясында 0,3%-ға (79,04-тен 79,25-ке дейін) әлсіреді;
  • Мексика песосы теріс тәуекел-сентименті аясында 0,9%-ға (20,26-дан 20,45-ке дейін) әлсіреді. Мексика Орталық банкінің маусымдағы отырысының хаттамасында отырыстың бір қатысушысы мөлшерлемені 75 б.т. тағы бір рет көтеру қажеттілігі туралы айтқаны көрсетілді;
  • Оңтүстік Африка ранды жаһандық инвесторлардың тәуекелден жалтаруы аясында 2,7%-ға (16,42-ден 16,87-ге дейін) әлсіреді. ОАР іскерлік белсенділігінің көрсеткіші маусымда 52,5 тармаққа (мамырда 50,7) дейін жақсарды;
  • түрік лирасы маусымда инфляцияның 78,6%-ға дейін қарқын алуы аясында 3%-ға (16,75-тен 17,26-ға дейін) әлсіреді;
  • Ресей рублі РФ үкіметінің «қайта сатып алынған» рубльді қалпына келтіру, сондай-ақ мұнай бағасын төмендету бойынша іс-қимылын күту кезінде 11,8%-ға (54,5-тен 60,92-ге дейін) әлсіреді.


Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press.nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға