1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылғы 6-13 мамыр аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 13 мамырда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 1,5%-ға (434,47 теңгеден) нығайып, 1 АҚШ доллары үшін 427,84 теңге деңгейінде қалыптасты.

2022 жылғы 6-13 мамыр аралығында сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды. АҚШ-тағы макроэкономикалық деректердің шығуы дамушы нарықтардың валюталарына қысым жасады. АҚШ-тың ауыл шаруашылығына жатпайтын секторындағы жұмыс орындарының саны сәуірде 428 мыңға (сарапшылар күткеннен жоғары) өсті, бұл еңбек нарығының кеңейіп келе жатқанын көрсетеді. Сәуірдің қорытындысы бойынша АҚШ-тағы инфляция талдаушылардың болжамдарынан да жоғары болып, жылдық мәнде 8,3%-ға жетті. АҚШ ФРЖ Төрағасы реттеушінің инфляцияны 2% таргетке қайтару үшін нақты әрекетке баратыны жөнінде мәлімдеді, алайда оны 75 б.т. арттыру мәселесі қазіргі уақытта қарастырылып отырған жоқ.

Бұл факторлар дамушы нарықтар валюталары динамикасының әр түрлі бағытта болуына әкелді.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының динамикасы төмендегідей қалыптасты:

  • Ресей рублі күрделі операцияларға қойылған шектеулер аясында ішкі нарықтағы шетел валютасына ұсыныстың сұраныстан асып кетуінің сақталуы аясында 7%-ға (69,4-тен 64,55-ке дейін) нығайды;
  • Бразилия реалы 0,4%-ға (5,08-ден 5,06-ға дейін) нығайды. Сәуірде инфляция сарапшылар консенсусынан асып түсіп, жылдық мәнде 12,13%-ға өсіп, реттеушінің жақында өтетін отырысында мөлшерлемені көтеру ықтималдығын арттырады;
  • Мексика песосы 0,1%-ға (20,13-тен 20,11-ге дейін) нығайды. Орталық банк мөлшерлемені
    7%-ға дейін 50 б.п. арттырды;
  • үнді рупиясы жаһандық инвесторлардың тәуекел дәрежесінің нашарлауы және бейрезиденттердің жергілікті нарықтан кетуі аясында 0,7%-ға (76,92-ден 77,45-ке дейін) әлсіреді;
  • Индонезия рупиясы АҚШ доллары бағамының жаһандық нығаюы аясында 0,9%-ға (14 480-ден 14 613-ке дейін) әлсіреді. Үкіметтің пальма майы мен шикізат экспортына тыйым салу жоспары ұлттық валютаға қысым жасауда;
  • Оңтүстік Африка ранды инвесторлардың тәуекелге қатысты теріс сентименті аясында 1,1%-ға (16-дан 16,17-ге дейін) әлсіреді;
  • түрік лирасы наурызда жұмыссыздықтың 11,5%-ға дейін (ақпанда 11,1) өскені туралы деректердің шығуы аясында 3,5%-ға (14,95-тен 15,48-ге дейін) әлсіреді.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон бойынша алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press.nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға