1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2021 жылғы 3 – 10 қыркүйек аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша 10 қыркүйекте теңгенің нарықтық бағамы апта ішінде 0,4%-ға (424,85 теңгеден) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 426,52 теңге деңгейінде қалыптасты. Дамушы нарықтар валюталарының серпіні әртүрлі бағытта болды. Аптаның басында жаһандық инвесторлар арасында Covid-19-дың таралуы бойынша қауіптенуге байланысты теріс пікірлер басым болды. Аптаның соңына қарай ҚХР мен АҚШ президенттерінің телефон арқылы сөйлескені туралы хабарлар елдер арасындағы қарым-қатынастың жақсаруын күту аясында тәуекел сентиментін қолдады. ЕОБ ақша-кредит саясаты жөніндегі кезекті отырыс барысында өңірдің тұрақты экономикалық қалпына келуі аясында пандемияға байланысты облигацияларды сатып алу қарқынын бәсеңдететіні туралы хабарлады.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының[1] серпіні төмендегідей қалыптасты:

  • Оңтүстік Африка ранды елдің мықты статистикалық деректері аясында 0,7%-ға (14,31-ден 14,21-ге дейін) нығайды: елдің төлем балансының профициті рекордтық жоғары деңгейге дейін, яғни – ІЖӨ-нің 5%-нан аса өсті;
  • Индонезия рупиясы АҚШ пен ҚХР басшылары арасындағы келіссөздер туралы хабарлар және қарым-қатынастың жақсаратынына үміттену аясында 0,4%-ға (14263-тен 14203-ке дейін) нығайды;
  • Мексика песосы апта ішінде өзгеріске ұшырамай, 0,2%-ға (19,93-тен 19,89-ға дейін) нығайды;
  • Ресей рублі жаһандық инвесторлардың тәуекелге қызығушылығының азаюы және мөлшерлеменің талдаушылардың күткенінен азырақ қарқынмен өсуі аясында 0,5%-ға (72,8-ден 73,19-ға дейін) әлсіреді. Орталық банк негізгі мөлшерлемені 6,75%-ға дейін 25 б.т. көтеру туралы шешім қабылдады;
  • үнді рупиясы доллар индексінің өсуі және капиталдың әкетілуі аясында 0,7%-ға (73,02-ден 73,5-ке дейін) әлсіреді;
  • Бразилия реалы президент Жаир Болсонару мен елдің сот органы арасындағы шиеленістің ушығуына байланысты алдағы жылғы сайлау қарсаңында саяси шиеленістің күшеюі аясында, 1,2%-ға (5,19-дан 5,25-ке дейін) әлсіреді;
  • түрік лирасы Орталық банк басшысы Сахап Кавчиоглуның Орталық банктің базалық инфляцияны талдауға көбірек әсер ететіні және оның пайыздық мөлшерлемелерді төмендету құралы бола алатыны жөніндегі мәлімдемесі аясында 1,8%-ға (8,32-ден 8,47-ге дейін) әлсіреді.

[1] АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан барынша көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон бойынша алуға болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға