1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2021 жылғы 27 тамыз – 3 қыркүйек аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша 3 қыркүйекте теңгенің нарықтық бағамы бір апта ішінде 0,2%-ға (424,44 теңгеден) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 424,85 теңге деңгейінде қалыптасты. Дамушы нарықтардағы валюталардың көпшілігі бір апта ішінде нығайды. АҚШ-тағы жұмыс орындарының саны тамызда небары 235 мыңға ұлғайды. Бұл сарапшылардың күткенінен төмен, әрі соңғы 7 айдағы ең төменгі өсім болып табылады. Тамызда АҚШ еңбек нарығы  бойынша әлсіз деректердің шығуы АҚШ ФРЖ ақша-кредит саясатын жуық арада күшейтілмейтіні туралы болжамдарын арттырды.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының[1] серпіні төмендегідей қалыптасты:

  • Оңтүстік Африка ранды тамызда экономикалық белсенділіктің сарапшылардың күткенінен де жоғары өскені (49,9 тармаққа дейін) туралы деректердің шығуы аясында 2,8%-ға (14,72-ден 14,31-ге дейін) нығайды;
  • Мексика песосы АҚШ доллары бағамының жаһандық әлсіреуі аясында 1,3%-ға (20,2-ден 19,93-ке дейін) нығайды. Орталық Банк басшысы заңға сәйкес халықаралық резервтердің ұлттық валютаны сатып алу қабілетін арттыру үшін пайдаланылуға тиіс екенін хабарлады;
  • Индонезия рупиясы тәуекел-сентименттің жақсаруы және АҚШ доллары бағамының жаһандық әлсіреуі аясында 1,1%-ға (14 418-ден 14 263-ке дейін) нығайды. Үкімет борыш нарығын дамыту және күшейту мақсатында нарыққа жергілікті қатысушылар үшін облигациялардан түсетін табыс салығын 15%-дан 10%-ға дейін төмендетті;
  • үнді рупиясы АҚШ ФРЖ басшысының жеңіл түсініктемелерінен кейін, сондай-ақ АҚШ еңбек нарығы жөніндегі әлсіз деректерден соң 0,9%-ға (73,69-дан 73,02-ге дейін) нығайды. Орталық Банк интервенциялар мен мемлекеттік шығындарға байланысты 8 трлн рупийге жеткен өтімділікті алу құралдарын кеңейту туралы мәлімдеді;
  • Ресей рублі дамушы нарықтар валюталарын нығайтудың жалпы үрдісінен кейін 0,9%-ға (73,45-тен 72,8-ге дейін) нығайды;
  • түрік лирасы тамызда инфляцияның базалық мөлшерлеме деңгейінен 19%-ға аса отырып, 19,25%-ға дейін жеделдеуі туралы деректердің шығуына қарамастан, 0,4%-ға (8,35-тен 8,32-ге дейін) нығайды;
  • Бразилия реалы 0,2%-ға (5,2-ден 5,19-ға дейін) нығайды. Бразилия реалының нығаюы 2021 жылғы 2-тоқсанда экономиканы қысқарту (-0,1% тоқ/тоқ) туралы деректердің шығуына байланысты шектеулі болды.

[1] АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан барынша көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон бойынша алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға