1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2021 жылғы 6–13 тамыз аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 13 тамызда теңгенің нарықтық бағамы апта ішінде 0,2%-ға (424,32-ден) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 425,16 теңге деңгейінде қалыптасты.

Шілдеде инфляцияның бірқалыпты өсуі (алдыңғы айда+0,5% м/м, 0,9% м/м) және тамызда тұтыну жай-күйінің 70,2 тармаққа (алдыңғы айда 81,2 тармақ) дейін күрт төмендеуі туралы деректер шыққаннан кейін инвесторлардың АҚШ ФРЖ-ның ақша-кредит саясатын жедел күшейтуге қатысты болжамдары біршама әлсіреді.

Сыртқы валюта нарығында 2021 жылдың 6-13 тамыз аралығындағы кезеңінде дамушы елдер валюталарының серпіні әртүрлі бағытта өрбіді.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының1 серпіні төмендегідей қалыптасты:

  • түрік лирасы ел Президентінің ақша жағдайларын жеңілдету жөніндегі талаптарына қарамастан, Орталық банктің негізгі мөлшерлемені (апталық репо мөлшерлемесін) 19% деңгейінде сақтау туралы шешімі аясында 1,3%-ға (8,63-тен 8,52-ге дейін) нығайды;
  • Мексика песосы инфляцияның таргеттен екі есе асып кетуі аясында Мексика ОБ-ның мөлшерлемені 4,5%-ға дейін (0,25 б.т.) көтеруі аясында 0,8%-ға (20,04-тен 19,88-ге дейін) нығайды;
  • Үнді рупиясы бейрезиденттердің Үндістанның мемлекеттік бағалы қағаздарын сатуы аясында 0,1%-ға (74,16-дан 74,25-ке дейін) әлсіреді;
  • Ресей рублі шикізатқа деген биылғы әлемдік сұранысқа қатысты халықаралық энергетикалық агенттіктің болжамы нашарлағаннан кейін мұнай бағасының төмендеуі аясында 0,1%-ға (73,23-тен 73,3-ке дейін) әлсіреді;
  • Индонезия рупиясы экономиканы фискалды қолдау бойынша бюджеттің баяу игерілуі аясында (жылдың бірінші жартысында ШОБ үшін бюджеттің 30%-ы бөлінді) 0,2%-ға (14 353-тен 14 388-ге дейін) әлсіреді, бұл экономикалық белсенділіктің қалпына келу қарқыны жөнінде алаңдаушылық туғызады. Ел Президенті Covid-19 жағдайларының өсуін тежеу үшін 2 аптаға ел өңірлеріндегі қозғалысқа шектеулер енгізу жөнінде талап қойды;
  • Бразилия реалы Орталық банк өкілдерінің инфляцияның өсуін тежеу үшін барлық қажет жағдайлар жасайтыны жөніндегі түсіндірмелеріне қарамастан 0,4%-ға (5,23-тен 5,25-ке дейін) әлсіреді. Инвесторлар келесі жылғы президенттік сайлауға байланысты фискалды тұрақтылықтың нашарлайтыны жөнінде алаңдап отыр;
  • Оңтүстік Африка ранды дельта-штамының таралуына байланысты қауіптенуден теріс сентиментке байланысты жергілікті қор нарығынан шетелдік капиталдың әкетілуі және АҚШ ФРЖ саясатының траекториясына қатысты белгісіздік аясында 0,7%-ға (14,63-тен 14,73-ке дейін) әлсіреді.

1 АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан барынша көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары 

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон бойынша ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға