1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2021 жылғы 30 шілде - 6 тамыз аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 6 тамызда теңгенің нарықтық бағамы апта ішінде 0,03%-ға (424,44-тен) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 424,32 теңге деңгейінде қалыптасты.

 Сыртқы валюта нарығында 2021 жылдың 30 шілде - 6 тамыз аралығындағы кезеңінде дамушы елдер валюталарының серпіні әртүрлі бағытта болды. АҚШ ФРЖ Төрағасының орынбасары Ричард Кларида мөлшерлемені көтеретін талаптардың 2022 жылға қарай жасалатыны жөнінде түсіндірді. Бұдан басқа, шілдеде АҚШ-та еңбек нарығы жөніндегі нақты деректердің шығуы (ауыл шаруашылығына жатпайтын сектордағы жұмыс орындарының саны 943 мыңға өсті – 11 айдағы ең жоғары мәні, жұмыссыздық 5,4%-ға дейін төмендеді) АҚШ ФРЖ-сын қатаңдатудың тезірек басталуын күтуді күшейтті.  

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының[1] серпіні төмендегідей қалыптасты:

  • Индонезия рупиясы 2021 жылдың 2-тоқсанында ІЖӨ-нің 7,07%-ға ж/ж өскені туралы деректердің шығуы аясында сарапшылардың күткенінен асып түсіп, 0,8%-ға (14 463-тен 14 353-ке дейін) (2008 жылдан бастап ең жоғары қарқынмен) нығайды;
  • үнді рупиясы бейрезиденттердің мүддесін тартатын жергілікті компаниялардың (IPO) бастапқы орналастырулары аясында 0,3%-ға (74,42-ден 74,16-ға дейін) нығайды;
  • Ресей рублі АҚШ-та қорлардың өсуінен мұнай бағасының төмендеуі мен дельта-штаммға қатысты қауіптену аясында 0,1%-ға (73,17-ден 73,23-ке дейін) әлсіреді. Ресей Федерациясының Қаржы министрлігі тамызда бюджеттік қағидалар аясында шетел валютасын күнделікті сатып алу көлемінің ұлғайғаны (күніне 14,4 млрд рубль) туралы жариялады;
  • Оңтүстік Африка ранды мемлекеттік шығыстарды тежеу жөніндегі ұстанымдары арқылы инвесторлар арасында танымал болған қаржы министрі қызметінен босағаннан кейін 0,2%-ға (14,6-дан 14,63-ке дейін) әлсіреді;
  • Бразилия реалы Мемлекет басшысының танымалдылығын қолдау үшін бюджет тапшылығын тежеу жөніндегі фискалды қағидаларға қарамастан, әлеуметтік шығыстарды ұлғайту жоспарлары туралы хабарламалар аясында 0,4%-ға (5,21-ден 5,23-ке дейін) әлсіреді;
  • Мексика песосы АҚШ-тағы еңбек нарығы жөнінде деректер шыққаннан кейін АҚШ доллары бағамының жаһандық нығаюы аясында және АҚШ ФРЖ-ның ақша-кредит саясатын неғұрлым тез күшейтуді күту аясында 0,9%-ға (19,87-ден 20,04-ке дейін) әлсіреді;
  • түрік лирасы 2,1%-ға (8,45-тен 8,63-ке дейін) әлсіреді. Негізгі мөлшерлеме 19% болған кезде инфляция деңгейі шілдеде сарапшылардың күткенінен асып, 18,95%-ға дейін өсті, бұл ақшалай талаптарды жеңілдету мүмкіндігінің жоқ екенін білдіреді. Бірақ Президент өз сөзінде мөлшерлемелерді төмендетуге шақырады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон бойынша ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға