1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2021 жылғы 2–16 шілде аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша 16 шілдеде теңгенің нарықтық бағамы қарастырылып отырған кезеңде 0,3%-ға (424,99-дан) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 426,47 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2021 жылғы 2–16 шілде аралығындағы кезеңде дамушы елдер валюталарының серпіні әртүрлі бағытта болды. Маусымда АҚШ-тағы инфляция күткеннен де қатты өсіп, 5,4% ж/ж. рекордтық деңгейге жетті. Бірақ, ФРЖ төрағасы реттеушінің оның себептерін тоқтатуға асықпайтынын және елдегі инфляциялық қысымның күшеюін уақытша деп санайтынын айтты. Маусымда АҚШ-тағы бөлшек сауда туралы деректердің шығуы күткеннен де жоғары, яғни +0,6% м/м болды. 18 шілдеде Келісімге қатысушы елдер мұнай өндірісін тамыздан бастап айына 400 мың б/т-не ұлғайтатыны туралы келісті. Ұлыбритания 19 шілдеден бастап барлық карантиндік шектеулердің жойылатыны туралы жариялады.

Дамушы елдер валюталарының[1] АҚШ долларына қатысты бағамдарының  серпіні төмендегідей қалыптасты:

  • түрік лирасы ОБ-ның мөлшерлемені өзгеріссіз деңгейде (19%) сақтап қалу жөніндегі шешімі аясында 1,8%-ға (8,69-дан 8,53-ке дейін) нығайды;
  • үнді рупиясы 0,3%-ға (74,75-тен 74,56-ға дейін) нығайды. Ұлттық валютаға IPO-мен байланысты шетел валютасының ағындары қолдау көрсетті;
  • Индонезия рупиясы Индонезияның акциялар нарығына шетелдік капиталдың әкелінуі (орташа көрсеткіш бір аптада $9,14 млн жетті) аясында 0,2%-ға (14 533-тен 14 498-ге дейін) нығайды;
  • Мексика песосы АҚШ-та инфляцияның үдеуі және АҚШ доллары бағамының жаһандық нығаюы аясында 0,6%-ға (19,77-ден 19,89-ға дейін) әлсіреді;
  • Бразилия реалы Covid-19 дельта штаммының таралуына қатысты қауіптену аясында 1,2%-ға (5,06-дан 5,12-ге дейін) әлсіреді. ОБ АҚШ долларына сұранысты тежеу үшін көлемі $500 млн валюталық своптар аукционы түрінде интервенциялар туралы жариялады;
  • Оңтүстік Африка ранды елдің бұрынғы президенті тұтқындалғаннан кейін елдегі жаппай наразылықтар мен тәртіпсіздіктер аясында 1,3%-ға (14,25-тен 14,43-ке дейін) әлсіреді;
  • Ресей рублі мұнай бағасының төмендеуі аясында 1,3%-ға (73,14-тен 74,08-ге дейін) әлсіреді.

[1] АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан барынша көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға