1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2021 жылдың 28 мамыр – 4 маусым аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 4 маусымда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,1%-ға (427,90-нан) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 428,15 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2021 жылы 28 мамыр мен 7 маусым аралығында дамушы елдер валюталарының серпіні жан-жақты болды. Мамыр айында АҚШ-тағы еңбек нарығы біраз жақсарған, алайда, сарапшылардың болжамынан төмен деңгейде дамыды: жұмыссыздық 5,8%-ға дейін төмендеп, ауыл шаруашылығына жатпайтын салаларда жұмыспен қамтылғандардың саны 559 мың адамға көбейді. АҚШ-тың іскерлік белсенділігі мамыр айында 64%-ға дейін өсті.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:

  • Бразилия реалының әлсіреуін хеджирлеу бойынша шетелдік инвесторлардың позициясы қысқарған соң, сондай-ақ, бұдан да күшті экономикалық өсімнің ( 2021ж.1тоқсаны +1% ж/ж) болашағына байланысты 3,4%-ға нығайды (5,23-тен 5,05-ке дейін);
  • Оңтүстік Африка ранды жергілікті қор нарығына келген бейрезидент тұлғалардың ағымына байланысты 2,4%-ға нығайды (шетелдік инвесторлардың 5 күндік орташа нетто-ағымы $36,5 млн-ға дейін артты);
  • Ресей рублі мұнай бағасының жағымды қарқынының артынан 0,5%-ға нығайды (73,2-ден 72,85-кедейін);
  • Индонезия рупиясы жаһандық «тәуекел тәбетінің» жақсаруы аясында 0,5%-ға нығайды (14 355-тен 14 285-ке дейін). ОБ базалық ставканы бұрынғы деңгейінде қалдырды (3,5%);
  • Мексика песосы 19,94-тен 19,96-ға әлсіреп, бір апта ішінде іс жүзінде қатты өзгермеді деуге болады;
  • үнді рупиясы қор нарығынан шетелдік инвестицияның кетуіне байланысты және мұнай бағасының өсуіне байланысты, 0,8%-ға әлсіреді (72,44-тен 73-ке дейін). Индияның ОБ Covid-19 вирусы өршіп кеткен соң, ставканы 4% деңгейінде сақтап қалды;
  • түрік лирасы инфляция туралы мәліметтер экономистердің болжамынан төмен болған соң және Түркия Президентінің ставканы төмендету туралы үндеуінен кейін 1,3%-ға әлсіреді (8,56-дан 8,67-ге дейін).

1 АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан барынша көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға