1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2021 жылғы 30 сәуір – 14 мамыр аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша 14 мамырда теңгенің нарықтық бағамы екі аптада 0,01%-ға (428,75-тен) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 428,71 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2021 жылғы 30 сәуір – 14 мамыр аралығындағы кезеңде дамушы елдер валюталарының серпіні әртүрлі бағытта болды. АҚШ-тағы инфляция сәуірде 4,2%-ға (ж/ж) дейін жылдамдады, бұл 2008 жылғы қыркүйектен бері ең жоғары көрсеткіш болды. АҚШ-та жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға арналған алғашқы өтініштер саны апта ішінде 2020 жылғы наурыздан бері ең төменгі көрсеткішке, 473 мыңға дейін төмендеді. АҚШ-тағы бөлшек сауда көлемі сәуірде болжамды өсудің орнына бұрынғы деңгейінде қалды. Үндістан күн сайын 300 мыңнан астам ауру жағдайын тіркеуде. Сингапур карантиндік шектеулер енгізіп жатыр, ал Қытайда бір ай ішінде алғаш рет коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы тіркелді.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:

  • Бразилия реалы ОБ негізгі мөлшерлемені 2,75%-дан 3,5%-ға дейін 75 б.т. арттыруы аясында 3,1%-ға (5,44-тен 5,27-ге дейін) нығайды;
  • Оңтүстік Африка ранды бейрезиденттердің ОАР МБҚ сатып алуының артуы, шикізат тауарлары бағасының өсуі аясында 2,6%-ға (14,5-тен 14,13-ке дейін) нығайды;
  • Мексика песосы Орталық банктің негізгі мөлшерлемені 4% деңгейінде сақтауы және АҚШ экономикасының қалпына келуі туралы белгілерге байланысты тәуекел-сентиментінің жақсаруы аясында 1,9%-ға (20,25-тен 19,87-ге дейін) нығайды;
  • Индонезия рупиясы АҚШ экономикасының қалпына келуі туралы белгілер шеңберінде тәуекел-сентиментінің жақсаруы аясында 1,7%-ға (14 445-тен 14 198-ге дейін) нығайды;
  • Ресей рублі шикізат тауарлары бағасының өсуі, сондай-ақ сәуірде 5,5%-дан 5,8%-ға дейін төмендеген инфляция жөніндегі деректердің шығуы, наурызда экспорт пен сауда теңгерімінің өсуі аясында 1,7%-ға (75,3-тен 74,02-ге дейін) нығайды;
  • үнді рупиясы іскерлік белсенділік индексінің өсуі және тәуекел-сентиментінің жақсаруы аясында 1,1%-ға (74,08-ден 73,29-ға дейін) нығайды;
  • түрік лирасы ОБ-ның апталық репо мөлшерлемесін 19% деңгейінде сақтауы және инфляция бойынша болжамдардың ұлғаюы аясында 1,9%-ға (8,29-дан 8,45-ке дейін) әлсіреді.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға