1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2021 жылғы 23–30 сәуір аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша 30 сәуірде теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,5%-ға (430,73-тен) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 428,75 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2021 жылғы 23–30 сәуір аралығындағы кезеңде дамушы елдер валюталарының серпіні әртүрлі бағытта болды. АҚШ ФРЖ ынталандыруды қысқартуға дайын еместігі туралы белгі бере отырып, базалық мөлшерлеме деңгейін (0–0,25%) өзгеріссіз сақтап қалды. Президент Д.Байден $1,8 трлн көлемінде шаралар жоспарын ұсынды. АҚШ экономикасының өсуі 2021 жылғы 1-тоқсанда 6,4% ж/ж дейін жылдамдады, бұл инфляциялық күтулердің ұлғаятыны туралы қауіп туғызды. Еуроаймақ ІЖӨ-сі соңғы жылда екінші рецессияға ұшырап, 1,8%-ға ж/ж қысқарды.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:

  • үнді рупиясы АҚШ ФРЖ отырысы мен ынталандырушы ақша-кредит саясатын өзгеріссіз сақтау туралы белгілер аясында 1,3%-ға (75,02-ден 74,08-ге дейін) нығайды, бұл АҚШ доллары бағамының әлсіреуіне себеп болды;
  • түрік лирасы Түркия Президенті тарапынан АҚШ туралы өткір мәлімдемелердің және ОБ басшысының инфляция бойынша болжамның (жыл соңына қарай+12,2%) артуына байланысты қатаң монетарлық саясатты қолдауға дайын екендігі туралы түсіндірмелерінің болмауы аясында 1,2%-ға (8,39-дан 8,29-ға дейін) нығайды;
  • Бразилия реалы сәуірде тұтынушылық сенімділік көрсеткішінің 72,5-ке дейін өсуі аясында (9 айдағы ең жоғары көрсеткіш) 0,7%-ға (5,48-ден 5,44-ке дейін) нығайды;
  • Индонезия рупиясы АҚШ экономикасының қалпына келуі туралы белгілер мен АҚШ ФРЖ-ның өзгермейтін ынталандыру саясаты салдарынан тәуекел-сентиментінің жақсаруы аясында 0,6%-ға (14 525-тен 14 445-ке дейін) нығайды;
  • Ресей рублі ұзақ демалыс күндері алдындағы шетел валютасына сұраныс аясында 0,6%-ға (74,87-ден 75,3-ке дейін) әлсіреді;
  • Оңтүстік Африка ранды Moody’s рейтингтік шешімі алдында бейрезиденттердің кетуі аясында 1,5%-ға (14,28-ден 14,5-ке дейін) әлсіреді;
  • Мексика песосы АҚШ ФРЖ отырысынан кейін АҚШ МБҚ кірістілігінің өсуі аясында 2,1%-ға (19,83-тен 20,25-ке дейін) әлсіреді.

1 АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан барынша көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға