1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2021 жылғы 16–23 сәуір аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша 23 сәуірде теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,1%-ға (430,39-дан) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 430,73 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2021 жылғы 16–23 сәуір аралығындағы кезеңде дамушы елдер валюталарының серпіні әртүрлі бағытта болды. АҚШ қазынашылық облигацияларының кірістілігі Президент Д. Байденнің капитал өсіміне салықты екі есе көбейту туралы ұсынысы аясында төмендеді. Әлемде (Үндістанда, Аргентинада, Түркияда, Бразилияда) Covid-19 жұқтырудың жаңа толқыны байқалады. ЕОБ активтерді жедел сатып алудың ауқымды бағдарламасын қысқартуды талқылаудың ерте екенін хабарлап, ақша-кредит саясатын өзгеріссіз қалдырды.

Дамушы елдер валюталарының1 АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:

  • Бразиялия реалы 2021 жылға арналған бюджет туралы Заңның тез қабылдануын күту және саяси келіспеушіліктерді шешу аясында 2%-ға (5,59-дан 5,48-ге дейін) нығайды;
  • Ресей рублі шекарадағы әскери шиеленістің ушығу тәуекелдерінің әлсіреуі және РФОБ-ның мөлшерлемені 5%-ға дейін көтеру шешімі аясында 1,1%-ға (75,71-ден 74,87-ге дейін) нығайды;
  • Мексика песосы 0,5%-ға (19,92-ден 19,83-ке дейін) нығайды. Инфляция сәуірдің алғашқы 2 аптасында ОБ таргетінен жоғары 6,05%-ға ж/ж дейін жеделдеді;
  • Индонезия рупиясы борыштық нарыққа капиталдың әкелінуі аясында 0,3%-ға (14 565-тен 14 525-ке дейін) нығайды. Индонезия ОБ базалық мөлшерлемені бұрынғы 3,5% деңгейінде сақтап қалды;
  • Оңтүстік Африка ранды АҚШ МБҚ кірістілігінің төмендеуі және инвесторлардың елдің қор нарығына қызығушылығының өсуі аясында 0,2%-ға (14,31-ден 14,28-ге дейін) нығайды;
  • үнді рупиясы күрделі эпидемиологиялық жағдай аясында, күнделікті жағдайлардың саны әлемдік рекордтан асып түсті, 0,9%-ға (74,36-дан 75,02-ге дейін) әлсіреді;
  • түрік лирасы АҚШ-тың Түркия тарапынан армян геноцидін мойындауы туралы хабарлар аясында 4%-ға (8,07-ден 8,39-ға дейін) әлсіреді.

1 АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан неғұрлым көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары 

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға