1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстан Республикасының халықаралық рейтингтеріне шолу

Ұлттық Банк мемлекеттік органдармен бірлесе отырып биылғы ақпанда Fitch Ratings және S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттіктерінің өкілдерімен конференц-қоңырау жүргізді. Тараптар қаржылық тұрақтылық, ақша-кредит және бюджеттік саясат, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру, төлем балансы мәселелерін талқылады.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша, осы жылғы ақпан-наурыз айларында S&P Global Ratings және Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттіктері Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингін растады, Moody’s агенттігі 2019 жылғы бағаны өзгеріссіз қалдырды. Қазақстан коронавирус пандемиясы басталғаннан бері өзінің рейтингтік позицияларын сақтап қалған салыстырмалы рейтингі бар көптеген елдердің бірі болып табылады.

2021 жылы 19 ақпанда Fitch Ratings агенттігі елдің тәуелсіз рейтингін «тұрақты» деген болжамымен «BBB» деңгейінде растады. Fitch-тің пікірі бойынша, мемлекеттің борышы төмен деңгейде, ал сыртқы және фискалдық буферлік резервтер коронавирус пандемиясымен және мұнай бағасының төмендеуімен байланысты күтпеген өзгерістерге беріктігін көрсетті. Агенттіктің пікірі бойынша, теңгенің еркін өзгермелі айырбастау бағамы режимі 2020 жылы мұнай бағасына негізделген күтпеген өзгерістерді реттеуде негізгі рөл атқарды.

Агенттік Ұлттық Банк пен Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жүргізген активтердің сапасын тәуелсіз бағалаудың (AQR) Қазақстан банк секторының орнықтылығын арттырудағы маңызды рөлін де түсіндірді.

S&P Global Ratings агенттігі де 2021 жылдың 5 наурызында Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингін «тұрақты» деген болжаммен «BBB-» деңгейінде растады. Сарапшылар Қазақстанның фискалдық және сыртқы экономикалық көрсеткіштері жақын арадағы екі жылда қуатты болып қалады деп атады.

S&P карантиндік шектеулердің әлсіреуі, мұнай бағасының өсуі, өндіріс көлемінің ұлғаюы есебінен Қазақстан экономикасының өсуін 3,2% деңгейінде болжайды, сонымен қатар саудадағы серіктес елдердің экономикасы қалпына келуін күтеді. Агенттік 2021 жылы инфляция 6,5%-ға дейін баяулайтынын да болжады. S&P 2020 жылдың қорытындысы бойынша 37% болған депозиттерді долларландыру деңгейінің жалғасып келе жатқан төмендеу үрдісін де атады.

Талдаушылардың пікірі бойынша, теңгенің еркін өзгермелі айырбастау бағамы режимі 2020 жылы мұнай бағасы құлдыраған кезде экономикаға сыртқы қысымға төтеп беруіне де мүмкіндік берді. Агенттікте 2023 жылдан бастап Ұлттық Банктің экономиканы қолдау бағдарламаларынан шығуы Ұлттық Банктің инфляциялық таргеттеу саясатын және ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыруды ұстанатынын білдіреді деп атады.
Moody’s агенттігі 2021 жылы 16 ақпанда Қазақстанның елдік есебін жария етті. Есепте 2019 жылы берілген елдің «позитивті» деген болжамы бар «Bаа3» тәуелсіз рейтингі сақталып отырғаны және оған сыртқы күтпеген өзгерістерден буферлер болып табылатын мемлекеттік борыштың төмен деңгейі, шетел валютасындағы қомақты резервтер, экономика мен халық кірісі өсуінің жоғары әлеуетінен және өзге факторлардан қолдау тауып отырғаны аталды.

2021 жылы 31 наурызда Moody’s агенттігі Қазақстанның банк секторы бойынша болжамды «теріс»-тен «тұрақты» дегенге өзгертті. Қазақстандағы банк секторы экономиканы қалпына келтіруге, банктердің капитал жеткіліктілігінің жоғары және проблемалық кредиттер коэффициентінің күтілетін төмендеуіне негізделген операциялық жағдайдың жақсаруына байланысты оң бағаланды.

Үш халықаралық агенттіктің өкілдері экономиканы одан әрі әртараптандыру, жарияланған мемлекеттік және экономикалық реформаларды жүзеге асыру, макроэкономикалық көрсеткіштерді нығайту, кәсіпкерлікті дамыту қаржы секторының тұрақтылығын арттыру – Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингтерін көтеріп, қазақстандық экономиканың позициясын күшейтуге және қалпына келтіруге ықпал ететіндігін атап өтті.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77-52-05
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға