1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылғы 14–21 тамыз аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша 21 тамызда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,1%-ға (419,02-дан) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 418,62 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 14–21 тамыз аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. АҚШ ФРЖ шілдедегі отырысының хаттамасы жарияланды, онда ОБ өкілдері АҚШ экономикасы перспективаларының жоғары белгісіздігі туралы хабарлады. ЕОБ мөлшерлеме бойынша шілдедегі шешімнің жарияланған хаттамасына сәйкес, отырыс мүшелері ЕО экономикасына 2020 жылғы күзде қосымша ынталандыру қажет болатындығын жоққа шығармайды. АҚШ Президенті ҚХР-мен келіссөздерді кейінге қалдырғанын мәлімдеді, бұл инвесторлардың елдер арасындағы болашақ сауда мәмілесіне алаңдаушылығын туғызуда.

Дамушы елдер валюталарының[1] АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:

  • Оңтүстік Африка ранды шетелдік портфельдік инвестициялардың әкелінуі аясында 1,3%-ға (17,39-дан 17,16-ға дейін) нығайды;
  • түрік лирасы Қара теңіздегі кен орнында табиғи газдың табылуы туралы хабардың аясында 0,7%-ға (7,37-ден 7,32-ге дейін) нығайды. Өндіру 2023 жылдан бастап жоспарлануда;
  • үнді рупиясы отырыс мүшелерінің инфляция серпіні (шілдеде бағаның өсу қарқыны таргет шегінен шығып, 6,93% ж/ж жетті) бойынша жағдайды бағалау үшін мөлшерлемені төмендету жөніндегі одан әрі қадамдарды тоқтатуды таңдағандары  көрсетілген мөлшерлеме бойынша соңғы шешімнің хаттамасын жария ету аясында 0,1%-ға (74,91-ден 74,85-ке дейін) нығайды;
  • Индонезия рупиясы ОБ мөлшерлемені 4% деңгейінде өзгеріссіз қалдыру туралы шешімі аясында 0,1%-ға (14 795-тен 14 773-ке дейін) нығайды;
  • Мексика песосы 21,98-ден 21,97-ге дейін аздап нығайды;
  • Ресей рублі мұнайға баға белгілеу төмендеуі және геосаяси тәуекелдердің өсуі аясында 2,7%-ға (72,83-тен 74,82-ге) әлсіреді;
  • Бразилия реалы елде саяси шиеленіс өсуі аясында – Сенат Президенттің мемлекеттік қызметшілердің жалақысын ұлғайтуға ветосын қабылдамады, 3,7%-ға (5,42-ден 5,62-ге дейін) әлсіреді.

[1]АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан неғұрлым көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Толығырақ ақпарат БАҚ өкілдері үшін мына телефон арқылы қолжетімді:
+7 (717) 2 775 205
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға