1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылғы 17-24 шілде аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша 24 шілдеде теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,2%-ға (413,45-тен) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 414,09 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 17 – 24 шілде аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. Дамушы елдердің нарықтарындағы валюталар серпіні апта ішінде оң болды. Ұлыбританиядағы фармацевтік компания әзірлеген вакцина сынақ қорытындысы бойынша көп үміт күтерлік нәтиже көрсетті. ЕО елдерінің басшылары 750 млрд еуроға дағдарысқа қарсы қор құру туралы уағдаластыққа қол жеткізді, оның аясында борыштық міндеттемелерді орналастыру жүргізілетін болады. Хьюстон мен Сычуань қалаларындағы елшіліктердің өзара жабылуына байланысты АҚШ пен ҚХР арасындағы шиеленіске қатысты хабар инвесторлардың қорқынышын туғызуда.

Дамушы елдер валюталарының[1] АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:

  • Бразилия реалы Экономика министрінің салықтық жүктемені азайтуды (салықтар санын қысқартуды) көздейтін салық реформасының жобасын ұсыну аясында 3%-ға (5,39-дан 5,23-ке дейін) нығайды, мұны жаһандық инвесторлар оң қабылдады;
  • Мексика песосы мамырда бөлшек сату көлемінің 0,8%-ға а/а өсуі туралы деректерді шығару аясында 1,2%-ға (22,55-тен 22,28-ге дейін) нығайды;
  • Индонезия рупиясы ел Президентінің тұтыну мен экспорт көрсеткіштерінің жақсаруына байланысты 2020 жылғы 2-тоқсанда экономиканың біртіндеп қалпына келуі туралы мәлімдемесі аясында 0,6%-ға (14 703-тен 14 610-ға дейін) нығайды;
  • үнді рупиясы АҚШ доллары бағамының жаһандық әлсіреуі және қор нарығына шетелдік капиталдың әкелінуі аясында 0,3%-ға (75,02-ден 74,83-ке дейін) нығайды;
  • Ресей рублі Ұлыбритания мен АҚШ-та РФ-ға қарсы ықтимал санкциялардың талқылануына қарамастан, мұнай бағасының қымбаттауы және коронавирусқа қарсы вакцинаны сынап көрудің оң нәтижелері туралы хабарлар аясында 0,3%-ға (71,88-ден 71,7-ге дейін) нығайды. РФОБ әлемдік пайыздық мөлшерлемелердің барынша төменгі деңгейде қалыптасуына байланысты 5-6%-ға дейін (1 п.т. төмендеу) бейтарап мөлшерлемелер диапазоны бойынша нақтылаумен негізгі мөлшерлемені 4,25%-ға дейін түсірді;
  • Оңтүстік Африка ранды борыш нарығына шетелдік капиталдың әкелінуі аясында 0,2%-ға (16,69-дан 16,66-ға дейін) нығайды;
  • түрік лирасы 0,1%-ға (6,86-дан 6,85-ке дейін) нығайды. ОБ мөлшерлемені 8,25% деңгейінде өзгеріссіз қалдырды. Bloomberg хабарлауы бойынша, Түркия банктерді спот нарығында хеджирлеу құралдарын сатып алудың орнына оларды шетел валютасындағы міндеттемелерді жабу үшін пайдалануға шақыруда.

[1]АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан неғұрлым көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Толығырақ ақпарат БАҚ өкілдері үшін мына телефон арқылы қолжетімді:
+7 (717) 2 775 205
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға