1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылғы 27 қараша–4 желтоқсан аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша 11 желтоқсанда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,4%-ға (420,79-дан) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 419,09 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 4–11 желтоқсан аралығындағы кезеңде АҚШ-тағы ынталандыру шараларының топтамасын келісудегі ілгерілеу белгілері аясында дамушы елдер валюталарының көпшілігінен оң серпін байқалды, бірақ әлемде Covid-19-бен аурудың көбеюі ары қарай өсуін тежеп отыр. АҚШ-тың Қаржы министрі Конгреске пандемия жағдайларында экономиканы қолдау шараларына $916 миллиард бөлуді қарастыруды ұсынды. АҚШ Гонконгтың оппозициялық депутаттарының Заң шығарушы кеңестен шығарылуына байланысты 14 қытай шенеунігіне қатысты санкциялар жариялады. ЕО мен Ұлыбритания арасындағы Брекзиттен кейінгі сауда келісіміне қатысты келіссөздер қайтадан ұзартылды (өтпелі кезең 2021 жылғы 1 қаңтарда аяқталады). ЕОБ активтерді сатып алудың шұғыл бағдарламасының қолданылу мерзімін тоғыз айға ұзартты және оның көлемін 500 млрд еуроға 1,85 трлн еуроға дейін  ұлғайтты. Германияда күрделі эпидемиологиялық жағдайлар аясында 2021 жылғы 10 қаңтарға дейін қатаң карантин енгізілді.

Дамушы елдер валюталарының[1] АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:

  • Ресей рублі коронавирусқа қарсы вакцинаны жаппай қолдану жөніндегі күтулерге байланысты мұнай бағасының өсуі аясында 1,5%-ға (74,12-ден 73,02-ге дейін) нығайды;
  • Бразилия реалы ОБ-ның инфляциялық күтулердің өсуіне байланысты пайыздық мөлшерлемелерді көтеруге дайын екендігі туралы белгілері аясында 1,4%-ға (5,13-тен 5,06-ға дейін) нығайды. Реттеуші соңғы отырыста қатарынан үшінші рет негізгі мөлшерлемені 2% деңгейінде сақтап қалды;
  • Оңтүстік Африка ранды 2020 жылғы 3-тоқсанда талдаушылардың күтулерінен де асып түсіп, ІЖӨ-нің  +66,1% т/т  өсуі және және рецессияның ресми аяқталуы туралы деректердің шығуы аясында 0,4%-ға (15,2-ден 15,14-ке дейін) нығайды;
  • үнді рупиясы 0,2%-ға (73,79-дан 73,65-ке дейін) нығайды. Үкімет ОБ үшін инфляцияның неғұрлым еркін нысаналы көрсеткішін ұсыну мүмкіндігін қарастыруда, бұл бағаның өсу тәуекелдеріне қарамастан экономикалық өсуге жұмылдыруға мүмкіндік береді;
  • Индонезия рупиясы бюджетті толықтыру мақсатында темекі өніміне салынатын салықты 12,5%-ға арттыру туралы хабарламалар аясында 0,2%-ға (14 105-тен 14 080-ке дейін) нығайды;
  • түрік лирасы өткен жылы РФ-дан С-400 зымыранға қарсы жүйені сатып алуға байланысты санкциялық тәуекелдердің күшеюі аясында 0,6%-ға (7,8-ден 7,85-ке дейін) әлсіреді. Ағымдағы шот тапшылығы қатарынан 11-ші ай сақталып келеді.   
  • Мексика песосы реттеушіні ақшаны жылыстатқаны үшін санкцияларға ұшыратуы мүмкін қолма-қол АҚШ доллары банкноттарын басқа жерге орналастыру мүмкін болмаған жағдайда, оларды ОБ-ның банктерден сатып алуы жөніндегі міндеттері туралы заң жобасын Сенаттың мақұлдағаны туралы хабарламалар аясында 1,8%-ға (19,77-ден 20,13-ке дейін) әлсіреді.

Толығырақ ақпарат БАҚ өкілдері үшін мына телефон арқылы қолжетімді:
+7 (717) 2 775 205
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға