1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылғы 13–20 қараша аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша 20 қарашада теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,6%-ға (430,52-ден) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 428,07 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 13 – 20 қараша аралығындағы кезеңде коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеудегі прогреске байланысты оптимизм аясында дамушы елдер валюталарының көпшілігінің нығайғаны байқалды. АҚШ пен Жапонияда аурудың көбеюі аясында жаңа шектеулер енгізілді. АҚШ ФРЖ Төрағасы АҚШ экономикасын қалпына келтірудің орнықты қарқынмен жалғасатыны, бірақ ынталандырушы бағдарламаларды аяқтауға әлі ерте екендігі туралы мәлімдеді. АҚШ Конгресінің Сенатында Демократтар басшысы жаңа экономикалық ынталандырулар туралы келіссөздерді қайта бастауға келісті.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:

  • Мексика песосы вакцина туралы жаңалықтарға байланысты тәуекел-сентиментінің жақсаруы аясында 1,5%-ға (20,41-ден 20,11-ге дейін) нығайды. Bloomberg мәліметтері бойынша Мексика Үкіметтің кредиттік желі көлемін біртіндеп қысқарту жөніндегі бастапқы жоспарларына қарамастан, $63 млрд сомасына кредиттік желіні сақтап қалуға ХВҚ-ның келісімін алды;
  • Ресей рублі мұнай бағасының өсуі және экспортшылардың салықтық төлемдер үшін валюталарды сатуы аясында 1,3%-ға (77,21-ден 76,22-ге дейін) нығайды;
  • Бразилия реалы ОБ-ның долларға жоғары сұранысты қанағаттандыру үшін ұсынылатын валюталық своптарды әлеуетті ұзарту туралы және олардың көлемін ықтимал ұлғайту туралы белгілері аясында 1,3%-ға (5,46-дан 5,39-ға дейін) нығайды ($11,8 млрд көлеміндегі своптар 2021 жылғы қаңтарда өтеді);
  • Оңтүстік Африка ранды 0,7%-ға (15,51-ден 15,4-ке дейін) нығайды. ОБ келесі отырыста мөлшерлемені көтеру мүмкіндігін қалдыра отырып, негізгі мөлшерлемені 3,5%, деңгейінде сақтап қалды. Moody’s және Fitch ОАР кредиттік рейтингтерін тиісінше Ba2 және BB-ке дейін бір деңгейге төмендетті;
  • үнді рупиясы вакцина туралы оптимизм аясында 0,6%-ға (74,6-дан 74,15-ке дейін) нығайды;
  • түрік лирасы ОБ-ның мөлшерлемені 15%-ға (+4,75 б.т.) дейін көтеру туралы шешімі аясында 0,3%-ға (7,66-дан 7,64-ке дейін) нығайды;
  • Индонезия рупиясы бір аптада 14 170-тен бастап 14 165-ке дейін нығайып, өзгере қойған жоқ. Ағымдағы шот 2011 жылдан бері 2020 жылғы 3-тоқсанда алғаш рет оң болып, ІЖӨ-ден 0,4% болды.

1 АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан неғұрлым көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары 

Толық ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефоннан ала алады:
+7 (717) 2 775 205
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға