1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылғы 23–30 қазан аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша 30 қазанда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 1,1%-ға (427,91-ден) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 432,64 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 23–30 қазан аралығындағы кезеңде АҚШ-тағы Президенттік сайлауға қатысты белгісіздік пен әлемде COVID-19-бен ауырғандар санының өсуі аясында көптеген дамушы нарықтар валюталарының әлсірегені байқалды. Германия мен Францияда пандемияның күшеюі аясында бір айға қатаң шектеулер енгізілді. ЕОБ ақша-кредит саясатының өлшемдерін өзгеріссіз сақтап қалды, бұл ретте ЕО реттеушісінің басшысы Кристин Лагард аурудың өсуі аясында жаңа шектеулерге байланысты желтоқсан отырысында қосымша шаралардың қабылдануы мүмкін екендігі туралы мәлімдеді. АҚШ ІЖӨ-сі 2020 жылғы 3-тоқсанда 33,1%-ға ж/ж (алдыңғы тоқсандағы 32,9%-ға ж/ж құлдыраумен салыстырғанда) өсті.

Дамушы елдер валюталарының1 АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:

  • Индонезия рупиясы 0,2%-ға (14 660-тан 14 625-ке дейін) нығайды. Мереке күндері аясында 28–30 қазан аралығында ұлттық валюта бағамы өзгерген жоқ;
  • Оңтүстік Африка ранды инвесторлардың жаһандық тәуекел-сентиментінің нашарлауы аясында 0,4%-ға (16,18-ден 16,24-ке дейін) әлсіреді. Fitch рейтингтік агенттігі ОАР тәуелсіз рейтингі бойынша теріс болжамды сақтап қалды;
  • үнді рупиясы тәуекел активтеріне сұраныстың жаһандық құлдырауы, жергілікті қор нарығының баға белгілеуінің төмендеуі аясында 0,7%-ға (73,6-дан 74,11-ге дейін) әлсіреді;
  • ексика песосы пандемияның күшейгені туралы хабарламалар және инвесторлардың тәуекел дәрежесінің төмендеуі аясында 1,5%-ға (20,87-ден 21,18-ге дейін) әлсіреді;
  • Бразилия реалы экономистер болжаған ағымдағы жылы Бразилияда инфляцияның өсуі және оның келесі жылы айтарлықтай қарқын алуы аясында 2,1%-ға (5,62-ден 5,74-ке дейін) әлсіреді;
  • Ресей рублі мұнай бағасының құлдырауы және коронавирус пандемиясына байланысты жағдайдан туындаған жағымсыз сыртқы конъюнктураның сақталуы аясында 4,2%-ға (76,21-ден 79,4-ке дейін) әлсіреді;
  • түрік лирасы Түркия Орталық банкінің жыл соңына қарай инфляцияның үш пайыздық тармақтан аса болжамды өсетіні туралы мәлімдемелері аясында, сондай-ақ қыркүйектегі сауда балансы тапшылығының 4,83 млрд долларға дейін 190%-ға өсуіне байланысты 4,8%-ға (7,96-дан 8,34-ке дейін) әлсіреді.

1 АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан неғұрлым көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары 

Толығырақ ақпарат БАҚ өкілдері үшін мына телефон арқылы қолжетімді:
+7 (717) 2 775 205
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға