1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылғы 16–23 қазан аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша 23 қазанда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,03%-ға (428,05-тен) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 427,91 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 16 – 23 қазан аралығындағы кезеңде дамушы нарықтар валюталарының көпшілігінің нығаюы байқалды. Өкілдер палатасының спикері мен Қаржы министрі АҚШ экономикасын қолдау шараларының жаңа топтамасын талқылау жөніндегі келіссөздерді қайта жаңғыртты, нәтижесінде ілгерілеудің болмағаны үшін бір-біріне жауапкершілік жүктеді. Президенттік пікірсайыс барысында Президент Дональд Трамп пен Демократиялық партияның атынан президенттікке үміткер Джо Байден шет мемлекеттерден ақшаны жасырын алғандығы жөнінде бір-бірін айыптады. ҚХР ІЖӨ-сі өсу қарқынын 2020 жылғы 3-тоқсанда 4,9%-ға ж/ж дейін (2020 жылғы 2-тоқсаннда 3,2%) жылдамдатты.

Дамушы елдер валюталарының1 АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:

  • Оңтүстік Африка ранды президенттік сайлауға дейін АҚШ ынталандыру шараларының топтамасын жасау мүмкіндігі туралы сақталып отырған күтулер аясында 2,3%-ға (16,56-дан 16,18-ге дейін) нығайды;
  • Ресей рублі бюджеттік ереже (күн сайын шамамен $73-тен $125 млн-ға дейін) мен салық кезеңі шеңберінде сатудың ұлғаюы аясында 2%-ға (77,8-ден 76,21-ге дейін) нығайды. РФ ОБ негізгі мөлшерлемені 4,25% деңгейінде сақтап қалды;
  • Мексика песосы АҚШ доллары бағамының жаһандық әлсіреуі, сондай-ақ қазанның ортасында инфляцияның 4,09% ж/ж дейін жеделдегені туралы деректердің шығуы аясында 1,3%-ға (21,14-тен 20,87-ге дейін) нығайды, бұл реттеушінің ақша талаптарын одан әрі жеңілдету мүмкіндігін азайтады;
  • Бразилия реалы АҚШ ынталандыру шараларының топтамасы жөніндегі келіссөздерді қайа бастау туралы хабарламалар аясында 0,5%-ға (5,65-тен 5,62-ге дейін) нығайды;
  • Индонезия рупиясы борыш нарығына капиталдың әкелінуі аясында 0,3%-ға (14 698-ден 14 660-қа дейін) нығайды; 
  • үнді рупиясы үшінші апта қатарынан тіркелген акциялар нарығынан капиталдың әкетілуі аясында 0,3%-ға (73,35-тен 73,6-ға дейін) әлсіреді;
  • түрік лирасы 0,5%-ға (7,92-ден 7,96-ға дейін) әлсіреді. ОБ негізгі мөлшерлемені 10,25% деңгейінде сақтап қалды.

1 АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан неғұрлым көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары 

Толығырақ ақпарат БАҚ өкілдері үшін мына телефон арқылы қолжетімді:
+7 (717) 2 775 205
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға