1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылғы 18–25 қыркүйек аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша 25 қыркүйекте теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 1,3%-ға (420,76-дан) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 426,32 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 18–25 қыркүйек аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. АҚШ ФРЖ басшысы фискалдық ынталандыру қажеттілігін атап көрсетті. ФРБ басшысы Чикаго Чарльз Эванс қолданыстағы монетарлық саясат шеңберінде орташа инфляция 2%-ға жеткенше ФРЖ нөлдік мөлшерлемені ұстаудың міндетті емес екендігін білдірді. Ұлыбританияның Премьер-министрі Борис Джонсон барлар мен мейрамханалардың жұмыс уақытына, сондай-ақ адамдардың бір жерге көп жиналуына шек қою түрінде шектеу шараларын енгізуді жариялады. Дамушы нарықтардың валюталары коронавируспен ауырған адамдар санының көбеюі, жаһандық тәуекелді қабылдамау және АҚШ долларының нығаюы туралы хабарламалар аясында әлсіреді.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:

  • үнді рупиясы инвесторлардың тәуекел дәрежесінің төмендеуі және әлемдік экономиканың өсуіне қатысты белгісіздіктің сақталуы аясында 0,2%-ға (73,46-дан 73,61-ге дейін) әлсіреді. Үндістан Парламенті инвестициялар тартуға және бизнес жүргізуді жеңілдетуге бағытталған заңдардың жобаларын мақұлдады;
  • Индонезия рупиясы астанада коронавирустың таралуының жалғасуына байланысты жүріп-тұруға қойылған қатаң шектеулерді ұзартуы аясында 0,9%-ға (14 735-тен 14 873-ке дейін) әлсіреді;
  • түрік лирасы 1,3%-ға (7,56-дан 7,66-ға дейін) әлсіреді. ОБ ұлттық валютаны тұрақтандыру үшін негізгі мөлшерлемені 8,25%-дан 10,25%-ға дейін көтерді;
  • Бразилия реалы инфляция қарқынының уақытша болуына байланысты реттеушінің мөлшерлемелерді төмен деңгейде сақтап қалуға дайын екендігі туралы белгілері аясында 3,2%-ға (5,39-дан 5,56-ға) әлсіреді;
  • Ресей рублі геосаяси тәуекелдердің күшеюі аясында 3,3%-ға (75,62-ден 78,15-ке дейін) әлсіреді;
  • Оңтүстік Африка ранды Еуропада коронавируспен ауру жағдайларының артуына байланысты тәуекел-сентиментінің төмендеуі аясында 4,9%-ға (16,33-тен 17,13-ке дейін) әлсіреді;
  • Мексика песосы ОБ-ның мөлшерлемені 4,25%-ға дейін 25 б.т. азайту туралы шешімі аясында 5,7%-ға (21,13-тен 22,34-ке дейін) әлсіреді.

1 АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан неғұрлым көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Толығырақ ақпарат БАҚ өкілдері үшін мына телефон арқылы қолжетімді:
+7 (717) 2 775 205
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға