1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылғы 11–18 қыркүйек аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша 18 қыркүйекте теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 1,3%-ға (426,29-дан) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 420,76 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 11–18 қыркүйек аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. АҚШ ФРЖ таяудағы үш жылда мөлшерлеменің нөлдік деңгейде қалатыны туралы белгі бере отырып, пайыздық мөлшерлеме аралығын өзгеріссіз (0-0,25%) қалдырды.

Вакцинаны жаппай пайдалану туралы қарама-қайшы деректердің шығуы тәуекелді активтерге қысым жасауда. АҚШ президенті вакцинаның қазанда дайын болатындығы туралы мәлімдеді, денсаулық сақтау саласының шенеуніктері одан да кешірек мерзімді – 2021 жылдың басын атап көрсетуде. Pfizer компаниясының бас директоры вакцинаның 2020 жылдың соңына қарай дайын болуы мүмкін екендігі жөнінде мәлімдеді. ҚХР-дың қалпына келуі тамызда қарқын алды – бөлшек сату пандемия басталғаннан бері алғаш рет өсті (+0,5% ж/ж), өнеркәсіптік өндіріс те өсу қарқынын ұлғайтты (+5,6% ж/ж).

Дамушы елдер валюталарының1 АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:

Оңтүстік Африка ранды ҚХР-дың оң макроэкономикалық деректері, вакцинаға қатысты оптимистіліктің, сондай-ақ үкімет, бизнес-қоғамдастығы және кәсіподақ арасында проблемалы Eskom мемлекеттік электр компаниясын құтқару және экономиканың өсуіне кедергі келтіретін электр энергиясын өшіруді қысқарту жөніндегі пакт туралы келісімге келуі туралы хабарламалардың аясында 2,4%-ға (16,74-тен 16,33-ке дейін) нығайды;

Индонезия рупиясы негізгі мөлшерлемені өзгеріссіз сақтап қалу аясында 1%-ға (14 890-нан 14 735-ке дейін) нығайды;

Мексика песосы вакцина және ҚХР деректері туралы хабарламалар салдарынан оң тәуекел-сентмиенті және АҚШ долларының жаһандық әлсіреуі аясында 0,7%-ға (21,28-ден 21,13-ке дейін) нығайды;

үнді рупиясы алтын импортының өсуі аясында тамыздағы сауда балансы тапшылығының кеңейгені туралы деректерге қарамастан 0,1%-ға (73,54-тен 73,46-ға дейін) нығайды;

Ресей рублі реттеушінің негізгі мөлшерлеме деңгейін өзгеріссіз (4,25%) сақтап қалу жөніндегі шешімі туралы және геосаяси тәуекелдерге қатысты қауіптенуі туралы түсініктеме берілген РФ ОБ басшысының баспасөз-конференциясы аясында 0,9%-ға (74,91-ден 75,62-ге дейін) әлсіреді;

түрік лирасы 1,1%-ға (7,48-ден 7,56-ға дейін) әлсіреді.Теріс серпін АҚШ ФРЖ отырысынан кейін және экономиканы экономикалық қалпына келтіру келешегіне қатысты қауіптенуден кейін байқалды;

Бразилия реалы инфляцияның жеделдегені туралы деректердің шығуы аясында 1,3%-ға (5,32-ден 5,39-ға дейін) әлсіреді (талдаушылардың 4,15% болатын болжамына қарсы +4,57%).

1 АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан неғұрлым көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Толығырақ ақпарат БАҚ өкілдері үшін мына телефон арқылы қолжетімді:
+7 (717) 2 775 205
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға