1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Төлем жүйелері 34 сұрақ

Төлем жүйелерінің тізіліміне енгізу үшін төлем жүйелерінің операторлары Ұлттық Банкке қандай құжаттар ұсынуы қажет?

Санат: Төлем жүйелері

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, төлем жүйесінің операторы Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйесі жұмыс істей бастаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мынадай құжаттарды:

  1. төлем жүйесі операторының орналасқан жері туралы мәліметтерді;
  2. атқарушы органның басшысы (мүшелері) туралы мәліметтерді;
  3. осы баптың 4-тармағында көзделген құжаттар орналастырылған, төлем жүйесінің операторы интернет-ресурсының домендік аты туралы мәліметтерді;
  4. төлем жүйесі операторының капиталында он пайыздан көп үлесі (акциясы) бар төлем жүйесі операторының құрылтайшылары (акционерлері) туралы мәліметтерді бере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының аумағында меншікті төлем жүйесінің құрылғаны немесе Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік төлем жүйесі жұмыс істей бастағаны туралы хабарлайды.

Көрсетілген мәліметтердің нысандары, сондай-ақ оларды ұсыну тәртібі «Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы       № 221 қаулысында (қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуде жатыр) айқындалған.    

Бұл ретте төлем жүйесі операторының атқарушы органының басшысы (мүшелері) туралы мәліметтерге төлем жүйесі операторының атқарушы органы басшысының (мүшесінің) жеке басын куәландыратын құжаттың/құжаттардың көшірмесі/көшірмелері қоса берілуге тиіс.  

Төлем жүйелерінің тізіліміне енгізу үшін төлем жүйелерінің операторлары Ұлттық Банкке қандай құжаттар ұсынуы қажет?

Санат: Төлем жүйелері

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, төлем жүйесінің операторы Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйесі жұмыс істей бастаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мынадай құжаттарды:

  1. төлем жүйесі операторының орналасқан жері туралы мәліметтерді;
  2. атқарушы органның басшысы (мүшелері) туралы мәліметтерді;
  3. осы баптың 4-тармағында көзделген құжаттар орналастырылған, төлем жүйесінің операторы интернет-ресурсының домендік аты туралы мәліметтерді;
  4. төлем жүйесі операторының капиталында он пайыздан көп үлесі (акциясы) бар төлем жүйесі операторының құрылтайшылары (акционерлері) туралы мәліметтерді бере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының аумағында меншікті төлем жүйесінің құрылғаны немесе Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік төлем жүйесі жұмыс істей бастағаны туралы хабарлайды.

Көрсетілген мәліметтердің нысандары, сондай-ақ оларды ұсыну тәртібі «Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы       № 221 қаулысында (қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуде жатыр) айқындалған.    

Бұл ретте төлем жүйесі операторының атқарушы органының басшысы (мүшелері) туралы мәліметтерге төлем жүйесі операторының атқарушы органы басшысының (мүшесінің) жеке басын куәландыратын құжаттың/құжаттардың көшірмесі/көшірмелері қоса берілуге тиіс.  

Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қолданыстағы шарттар/«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған шарттар бойынша төлем жүйелеріне қатысуы туралы ақпаратты Ұлттық Банкке ұсынуы қажет пе?

Санат: Төлем жүйелері

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 59-бабының 3-тармағына сәйкес Заңның 5-бабының 6-тармағында көзделген талаптар Заң қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған қатынастарға қолданылады. Заңның 5-бабының 6-тармағы банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйесіне қатысу туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынатындығы жөніндегі норманы айқындайды.

Соған байланысты төлем жүйелеріне, оның ішінде шетелдік төлем жүйелеріне қатысу туралы қолданыстағы шарттары (Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған) бар банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар төлем жүйесіне қатысуды жүзеге асыруға негіз болатын шарттың (шарттардың) көшірмесімен (көшірмелерімен) бірге Ұлттық Банкке тиісті ақпарат жіберуге тиіс.

Ақпаратты беру тәртібі мен нысаны «Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 221 қаулысында (қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуде жатыр) көзделген.

Төлем жүйесінің қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар, жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйелерінің операторлары үшін тарифтердің (қызметтер құнының) өзгергендігі туралы мәліметтерді Ұлттық Банкке ұсынудың қандай мерзімдері белгіленген?

Санат: Төлем жүйелері

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында жүйелік маңызы бар төлем жүйесінің не маңызды төлем жүйесінің операторы төлем жүйесінің жұмыс істеу процесінде Ұлттық Банкке:

  1. төлем жүйесінің қағидаларына бекітілген өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күнге дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей, осындай өзгерістер мен толықтырулар туралы;
  2. төлем жүйесі операторы тарифтерінің (көрсетілетін қызметтер құнының) өзгеруі қолданысқа енгізілген күнге дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей, осындай өзгерістер туралы мәліметтерді ұсынатындығы көзделген.

Көрсетілген мәліметтерді ұсыну хабардар ету сипатында (қажет болған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тарапынан белгілі бір ұсынымдар берілуі мүмкін).

Электрондық ақша жүйелерінің операторлары (банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдары болып табылмайтын) төлем жүйелерінің операторларына не төлем ұйымдарына жата ма?

Санат: Төлем жүйелері

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 70) тармақшасына сәйкес электрондық ақшаны пайдалана отырып, операцияларды жүзеге асыру кезінде қалыптастырылатын ақпаратты жинауды, өңдеуді және беруді қоса алғанда, электрондық ақша жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, сондай-ақ электрондық ақша эмитентімен (эмитенттерімен) жасалған шартқа сәйкес электрондық ақша жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын айқындайтын банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе төлем ұйымы электрондық ақша жүйесінің операторы болып табылады.

Бұл ретте Заңның 1-бабының 45) және 46) тармақшаларына сәйкес төлем жүйесі – төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруды төлем жүйесі операторының және (немесе) төлем жүйесіне қатысушылардың рәсімдерді, инфрақұрылымды және осы төлем жүйесінің операторы белгілеген қағидаларды қолдану арқылы өзара іс-қимыл жасау жолымен қамтамасыз етілетін қатынастардың жиынтығы. Банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар төлем жүйесіне қатысушылар болып табылады.

Төлем ұйымдары электрондық ақшаны сату (тарату) жөніндегі төлем қызметтерін, электрондық ақшаны пайдалана отырып жасалатын төлемдерді қабылдау және өңдеу жөніндегі қызметтерді де көрсетеді.

Соған байланысты электрондық ақша жүйелерінің операторлары (банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын) төлем ұйымдарына жатады және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өтуге тиіс.

Маңызды төлем жүйелеріне жатқызылған шетелдік төлем жүйелерінің операторлары тиісті есептілікті Ұлттық Банкке қалай ұсынады?

Санат: Төлем жүйелері

«Жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 224 қаулысында (қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуде жатыр) Қазақстан Республикасының аумағында  жұмыс істейтін  шетелдік  төлем  жүйесі арқылы жүргізілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтерді Қазақстан Республикасының аумағында құрылған маңызды төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының не Ұлттық Банкке мәліметтер беру жөніндегі өкілеттіктер өкілдікке берілген жағдайда төлем жүйесі операторының өкілдігінің ұсыну мүмкіндігі көзделген.

Жеке тұлға қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген болса, жеке тұлғаға немесе дара кәсіпкерге ашылған банк шотына ұсынылатын үшінші жақ талаптарының орындалуы

Санат: Төлем жүйелері

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 40-бабына сәйкес дара кәсiпкерлер өз мiндеттемелерi бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндiрiп алу қолданылмайтын мүлiктi қоспағанда, өздерiнiң барлық мүлкiмен жауапты болады. Жеке тұлға өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асырған кезде, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндiрiп алу қолданылмайтын мүлiктi қоспағанда, өзiнің барлық мүлкiмен, оның iшiнде ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгiндегi үлесiмен жауапты болады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы №208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидасының 124-тармағында жеке тұлғаға немесе дара кәсіпкерге ашылған банктік шотқа ұсынылған төлем талабы сол тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және ЖСН сәйкес келген кезде оның банктік шоттарынан орындалатыны ескерілген.

Төлем талабын орындаудың мұндай тәртібін банк төлем құжатында көрсетілген жеке кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген ақша жөнелтуші - жеке тұлғаның және атына банктік шот ашылған жеке тұлғаның (және керісінше) тегі, аты, әкесінің аты және ЖСН сәйкес келген кезде қолдануы мүмкін.

№208 қағиданың 124-тармағы банктік шоттарынан төлем талабын орындау тәртібі бойынша жалпы норманы қамтиды. Демек, жеке тұлғаның ағымдағы шотына ұсынылған төлем талаптарын оның дара кәсіпкер ретінде ашылған банктік шотынан орындау рұқсат етіледі. Осыған орай, төлем талабын жеке кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғаға және дара кәсіпкерге ашылған ағымдағы шотқа ұсынған кезде төлем талабы тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және оның ЖСН сәйкес келген кезде оған ашылған банктік шоттардан (ағымдағы, жинақ) орындалады.

Бұл жағдайда қарыз шарты бойынша жеке тұлғаның ағымдағы шотына ұсынылған төлем талабы №208 қағиданың 137-тармағына сәйкес жеке кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғаға ашылған ағымдағы шоттағы ақша сомасының және (немесе) содан кейін түсетін әр ақша сомасының елу пайыз мөлшері шегінде орындалады. Осыған ұқсас, төлем талабы жеке кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғаның ағымдағы шотына мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін ұсынылған кезде ол жеке тұлғаның ағымдағы шотындағы/содан кейін түсетін ақша сомасының елу пайыз мөлшері шегінде №208 Қағиданың 124-тармағының талаптары сақталған кезде орындалады.

Банктік қызмет көрсету шарттарындағы төлем қызметтері бойынша комиссияларды өзгерту мәселесі туралы

Санат: Төлем жүйелері

Төлем жүйелері туралы заңның 13-бабының 5-тармағына сәйкес көрсетілетін төлем қызметтерін беруші клиентті өздері арасындағы шартта көзделген тәртіппен және мерзімдерде комиссиялардың өзгергені туралы хабардар ететін халықаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жүзеге асырылған кезде алынатын комиссияларды қоспағанда, көрсетілетін төлем қызметтерін беруші көрсетілетін төлем қызметтері бойынша көрсетілетін төлем қызметтерін беруші мен клиент арасында шарт жасау күніне белгіленген комиссияны ұлғайту жағына біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы емес.  

«Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 43-бабының 1-тармағына сәйкес нормативтiк құқықтық актiнiң күшi ол қолданысқа енгiзілгенге дейiн туындаған қатынастарға қолданылмайды. Нормативтiк құқықтық актiнiң немесе оның бiр бөлiгiнiң керi күшi оның өзiнде немесе нормативтiк құқықтық актiнi қолданысқа енгiзу туралы актiде көзделген, сондай-ақ кейiнгiсi азаматтарға жүктелген міндеттерді алып тастайтын немесе олардың жағдайын жақсартатын жайттар осы баптың 1-тармағының қағидаларына кiрмейдi. Осыған байланысты көрсетілген нормалар оларға сәйкес көрсетілетін төлем қызметтері ұсынылатын, 2016 жылғы 10 қыркүйекке дейін жасалған шарттарға да қатысты болады.

Бұл ретте, көрсетілетін төлем қызметтерін беруші клиентпен жасалған шарт талаптарын оларды клиент үшін жақсарту жағына біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы екенін атап өтеміз.

Тұрғын үй төлемдерін, депозиттің талаптарымен енгізілген ақшаны, сондай-ақ «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» ҚР Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау турал шарты бойынша банк шоттарындағы ақша есепке алуға арналған банк шоттарын жүргізу ерекшеліктері

Санат: Төлем жүйелері

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 26 шілдегі ҚР Заңымен ҚР заңнамалық актілеріне (ҚР Азаматтық кодексі, ҚР Салық және Кеден кодекстері «Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңы)  тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы клиенттердің ақшасына, нотариус депозиті ақшасына және білім беру жинақтау салымы ақшасына тыйым салуға және өндіріп алуға тыйым салу туралы түзетулер енгізілді.

«Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңы 43-бабының  1-тармағына  сәйкес нормативтiк құқықтық актiнiң күшi ол қолданысқа енгiзілгенге дейiн туындаған қатынастарға қолданылмайды. Кейiнгiсi азаматтарға жүктелген міндеттерді алып тастайтын немесе олардың жағдайын жақсартатын жайттар осы баптың 1-тармағының қағидаларына кiрмейдi.

Осылайша,  2016 жылғы  1 қыркүйектен  бастап көрсетілген  шоттардағы  ақшаны  өндіріп алуға  тыйым салынады. Сонымен, инкассолық өкімдер, оның ішінде бұрын салынған  тыйымды  орындау  бойынша инкассолық  өкімдер, сол сияқты  басқа  талаптар  2016 жылғы  10 қыркүйектен соң  көрсетілген банктік шоттардан орындалуға жатпайды. 

Төлем жүйелері туралы  заңның  27-бабы 12-тармағына  сәйкес  клиенттің банктік шотындағы ақшаға салынған тыйым клиенттің ақшасына тыйым салу құқығы бар тұлғаның тиісті жазбаша хабарламасы негізінде не банктік шоттағы ақшаға бұрын салынған тыйымды орындау үшін берілген инкассолық өкімді банк орындағаннан кейін алынады.

Осыған байланысты, банктер тиісті уәкілетті органдарға банктегі тыйым салу туралы өкімдерді орындауға мүмкін емес екені туралы хабарлауы (себептерін көрсете отырып) және банктің одан кейінгі іс-әрекеттері туралы сұрату жасауы керек.

Бұл ретте инкассолық өкімдерді және осындай шоттарға қойылатын басқа талаптарды орындаудан бас тату Төлем жүйелері туралы заңның 46-бабының 7-тармағы 3) және 5) тармақшаларының негізінде жүзеге асыру қажет.

Банктік шот шартын (банктік салым шартын) орындаудан біржаќты бас тарту

Санат: Төлем жүйелері

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы заңында (бұдан әрі – Төлем жүйелері туралы заң) банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік шот шартын (банктік салым шартын) орындаудан бас тартуға құқылы болатын жағдайлар көзделген.

Бұл ретте Төлем жүйелері туралы заңының 29-бабының 6-тармағына сәйкес егер банктік шот шартында (банктік салым шартында) өзгеше тәртіп көзделмесе, банк банктік шот шартын (банктік салым шартын) орындаудан бас тарту туралы хабарламаны банкте бар мекенжай бойынша электрондық нысанда не оны алғаны туралы хабарламамен пошта арқылы жібереді.

Аталған тармақтың негізінде клиентке шартты орындаудан бас тарту туралы хабарламаны жіберу міндетті болып табылады.

Төлем жүйелері заңының 29-бабаның 7-тармағына сәйкес егер банктік шот шартында өзгеше тәртіп көзделмесе, клиенттің банктік шотында ақша болмаған кезде банк клиентке банктік шот шартын орындаудан бас тарту туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай өткен соң банктік шот шартын бұзады және клиенттің банктік шотын жабуды жүзеге асырады.

Сонымен қатар, клиентке тиісті хабарламаны клиенттің банктік шотында ақша болмаған күннен бір жыл өткеннен кейін жіберу жағдайында банк банктік шот шартында шартты бұзуға және банктік шотты жабуға өзге мезгілді көздеуге құқылы.

Осылайша, Төлем жүйелері заңының 29-тармағында көзделген жағдайларда банк біржақты тәртіппен банктік шот шартын орындаудан клиентке ол туралы хабарлаусыз бас тартуға құқығы жоқ.

Жоғарыға