link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Баспасөз орталығы
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Банкаралық клиринг жүйесі (БКЖ)

Банкаралық клиринг жүйесі (БКЖ) – ұсақ төлемдерге арналған клиринг жүйесі. Көрсетілген жүйеде барлық төлемдер нетто (таза) негізде жүзеге асырылады. БКЖ-ның негізгі бағыты шағын сомаға көптеген бөлшек төлемдер жүргізуден тұрады. БКЖ қаражат пайдаланушының шотында алдын ала депоненттелмей, көпжақты негізде жүзеге асырылады. Бұл ретте жүйеде  бір төлем үшін 5 млн. теңгеге тең барынша жоғары сомаға шектеу белгіленді.

Жүйеде валюталау күнін пайдалануға, яғни жүйеге төлем құжаттарын үш күнге дейінгі болашақ төлем күнімен жіберуге болады. Болашақ валюталау күнімен түскен құжаттар көрсетілген күн басталғанға дейін жүйеде сақталады, осыдан кейін клирингте өңделеді. Бұл қатысушыларға өз өтімділігін күні бұрын жоспарлауға мүмкіндік береді. Клиринг нәтижелері бойынша ақша аударымдары БААЖ-да жүзеге асырылады. Жүйенің әрбір қатысушысы өзінің жүйедегі барлық төлемдері туралы ақпаратқа қол жеткізе алады.

БКЖ-ның жаңа операциялық күні сағат 16:00-де басталады. Құжаттарды жүйеге қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады. БКЖ ерекшелігі төлем құжаттарының жеке өңделмей, сондай-ақ есеп айырысу сәтіне дейін FIFO қағидаты бойынша кезекке қойылатындығында. Клирингке қатысушылардың операциялық күн жабылғанға дейін жүйеге жіберілген төлем құжатын қайтарып алуға мүмкіндігі бар.

Жүйеге қатысушылардың қарсы талаптары бойынша есеп айырысу ағымдағы төлем күнімен күніне бір рет 15:00-ден 16:00-ге дейін жүзеге асырылады. Бұл ретте  төлем құжаттарын есепке алу басымдық кодтарына сәйкес жүргізіледі, ал бір басымдық коды шегінде төлем құжаттары олардың кезекке түсу тәртібімен өңделеді.

Есепке алу қорытындысы бойынша әрбір қатысушының таза позициясы анықталады. Клиринг қатысушысының таза дебеттік позициясы осы қатысушының БААЖ-дағы ақша сомасынан аспауы тиіс. Түпкілікті есеп айырысу үшін БААЖ-дағы ақша жеткіліксіз болған жағдайда, БКЖ-да төменірек басымдықпен кезекте тұрған төлемдер  жойылады. Клиринг нәтижелері бойынша түпкілікті ақша аударымы БААЖ арқылы жүзеге асырылады. Ақша аударымы аяқталғаннан кейін  клиринг жүйесінің жаңа операциялық күні басталады.

 

БКЖ жұмыс істеуі және клирингтің операциялық күні туралы барынша толық  ақпарат ҚБЕО-ның: www.kisc.kz сайтында берілген.

 


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018