Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 27 сәуір сағат 9:00-ден 28 сәуір сағат 23:00-ке дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

1. Шарт жасасу 

Экспорттың немесе импорттың валюталық операцияларына не жатады?

Экспорт – Қазақстан Республикасы резидентінің Қазақстан Республикасының бейрезидентіне тауарларды беруі, Қазақстан Республикасы резидентінің Қазақстан Республикасының бейрезидентіне зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды ішінара беруі, Қазақстан Республикасы резидентінің Қазақстан Республикасының бейрезидентіне жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі, мүлікті жалға беруі.

Импорт – Қазақстан Республикасы бейрезидентінің Қазақстан Республикасының резидентіне тауарларды беруі, Қазақстан Республикасы бейрезидентінің Қазақстан Республикасының резидентіне зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды ішінара беруі, Қазақстан Республикасы бейрезидентінің Қазақстан Республикасының резидентіне жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі, мүлікті жалға беруі.

2. Есептік тіркеу

Экспорт немесе импорт бойынша валюталық шартты есептік тіркеу деген не?

Экспорт немесе импорт бойынша валюталық шартты есептік тіркеу – репатриациялау талабы орындалуын бақылау мақсатында шарт шеңберінде міндеттемелердің орындалуы бойынша есептерді кейіннен ұсыну үшін экспорт немесе импорт бойынша валюталық шартқа есептік нөмір беру рәсімі.

Экспорттаушының немесе импорттаушының экспорт және импорт бойынша валюталық шарт бойынша есептік нөмірді алу тәртібі, экспорт және импорт бойынша валюталық шарт репатриациялау талабын орындауға бақылауға жататын экспорт және импорт жөніндегі валюталық шарт сомасының шекті мәнін қоса алғанда, шарттары мен өлшемдері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 78 қаулысымен және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 1054 бұйрығымен бірлесіп бекітілген Экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларында баяндалған.

Репатриация дегеніміз не?

Ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабы 1) экспорт үшін валюталық түсімді және 2) бейрезидент міндеттемелерді орындамаған немесе толық орындамаған жағдайларда, импорт үшін авансты (алдын ала төлемді) елге қайтару қажеттігін білдіреді.

Экспорттаушының немесе импорттаушының экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарт бойынша репатриациялау талаптарын сақтауын 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап аумақтық бөлімшелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бақылайды.

Қандай экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарттар есептік тіркелуі тиіс?

50 мың АҚШ долларынан асатын сомаға экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарттар не жасалған күні шарт сомасы жоқ экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарттар есептік тіркелуі тиіс.

Есептік тіркеуге кім өтініш беруі керек?

Экспорттаушы немесе импорттаушы – бейрезиденпен экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарт жасасқан не талап қоюды басқаға беру нәтижесінде бейрезидентке талап ету құқығын қабылдаған немесе осындай шарт бойынша борышты аудару нәтижесінде бейрезидент алдындағы борышты қабылдаған Қазақстан Республикасының резиденті (заңды тұлға, оның филиалы, сондай-ақ дара кәсіпкер)

Экспорт немесе импорт бойынша валюталық шартты есептік тіркеу үшін қайда өтініш беруге болады?

Экспорттаушы немесе импорттаушы есептік тіркеу үшін оның банктік шотына қызмет көрсететін уәкілетті банкке:

  1.  - уәкілетті банкте (оның филиалында) ашылған шоттарды пайдалана отырып төлемдер және (немесе) ақша аударымдары;
  2.  - уәкілетті банкте (оның филиалында) және шетелдік банкте ашылған шоттарды пайдалана отырып төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жүргізілген жағдайларда өтініш береді.

Экспорттаушы немесе импорттаушы есептік тіркеу үшін «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бейрезиденттен тартылған қаржылық қарызға қызмет көрсету үшін немесе шетелде ашылған резидент филиалдарының (өкілдіктерінің) қызметін қамтамасыз ету үшін шетелдік банктегі шотты пайдалана отырып, төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жүргізілген жағдайларда Ұлттық Банктің аумақтық филиалына өтініш жасайды.

Есептік тіркеуге қашан өтініш беру керек?

Тараптардың бірі экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындай бастағанға дейін.

Есептік тіркеу үшін қандай құжаттарды ұсыну керек?

Есептік тіркеу үшін экспорттаушы немесе импорттаушы:

1) белгіленген нысан бойынша валюталық бақылауға экспорт немесе импорт бойынша валюталық шартты қабылдау туралы өтініш;

2) экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарттың түпнұсқасы немесе көшірмесін ұсынады. Егер экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарт шет тілінде жасалса, онда оның қазақ немесе орыс тілдеріне аудармасы ұсынылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалында есептік нөмір алған кезде экспорттаушы немесе импорттаушы қолтаңба үлгілері бар құжатты қосымша ұсынады.

3. Экспорт немесе импорт бойынша шартқа есептік нөмір беру

Есептік тіркеу мерзімдері

Экспорттаушы немесе импорттаушы қажетті құжаттарды берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде.

Есептік нөмірді беруден бас тартуға қандай негіздер бар?

Есептік тіркеуден және есептік нөмір беруден мынадай жағдайларда бас тартылуы мүмкін:

  1. Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартта, оған барлық өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының талаптарына қайшы келетін талаптардың болуы;
  2. Экспорттаушының немесе импорттаушының валюталық бақылауға экспорт немесе импорт бойынша валюталық шартты қабылдау туралы өтінішіндегі қолының қол үлгілері бар құжаттағы қолтаңба үлгісіне сәйкес келмеуі;
  3. Клиент іскерлік қатынастарды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланады деген күдік болған жағдайда.
4. Валютаны репатриациялау талабын орындау

Экспорттаушы немесе импорттаушы экспорт немесе импорт бойынша валюталық шартта көзделген мерзімдерде ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

ВШЕН-ді алу және ол бойынша ақпарат, құжаттар мен есептерді ұсыну тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік бар ма?

Иә, әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Валютаны репатриациялау талабын орындамағаны үшін жауапкершілік бар ма?

Иә, әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Валютаны репатриациялау талабының орындалуын валюталық бақылауды кім жүзеге асырады?

Экспорттаушының немесе импорттаушының экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарт бойынша репатриациялау талаптарын орындауын валюталық бақылауды 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап аумақтық бөлімшелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жүзеге асырады.

5. Есептілікті ұсыну

Экспорттаушылар немесе импорттаушылар қашан және қандай есептілікті ұсынуы қажет?

Экспорттаушы немесе импорттаушы экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарт бойынша шетелдік банктегі шот арқылы төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу кезінде есептілікті ұсынуға тиіс.

Есеп ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 20 (жиырмасына) дейін (қоса алғанда) ұсынылады.

Есеп белгіленген нысан бойынша ұсынылады, оған мыналар:

1) шетелдік банктегі шот арқылы экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат;

2) шетелдік банктегі шот бойынша үзінді көшірмелер кіреді.

6. Келісімшартты есептік тіркеуден алу

Келісімшартты есептік тіркеуден алу үшін қандай талаптар бар?

Экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарт Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 78 бірлескен қаулысымен және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Қаржы Министрінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 1054 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорттық – импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларының 26-тармағында көзделген негіз болған кезде репатриациялау талаптарының орындалуын бақылау рәсімдері аяқталғаннан кейін есептік тіркеуден алынады.

Жоғарыға