Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 27 сәуір сағат 9:00-ден 28 сәуір сағат 23:00-ке дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ғылыми-практикалық конференциялар

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі «Экономикалық дамудың сын-қатерлері мен перспективалары» атты IV ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға өтінім қабылдауды ашық деп жариялайды.

IV ғылыми-практикалық конференция 2024 жылдың сәуір-мамыр айларында Алматыда өтеді.

Конференцияда экономикалық дамудың өзекті мәселелері бойынша Ұлттық Банк қызметкерлері, академиялық қоғамдастық пен зерттеу ұйымдары жүргізген зерттеу нәтижелері ұсынылады.

Жоғары оқу орындары (профессор-оқытушылық құрам, докторантура, магистратура студенттері) мен зерттеу ұйымдарының зерттеушілерін келесі тақырыптық бағыттар бойынша сессияларға қатысуға шақырамыз.

Макроэкономикалық саясат: экономикалық тұрақтылық негіздері

• Орталық банк және коммуникация: оңтайлы айқындық пен ашықтық

• Технологиялық трансформация дәуіріндегі экономикалық өсімнің драйверлері

• Макроэкономикалық тұрақтылық пен тұрақты өсімнің негізі ретінде тиімді макроэкономикалық үйлестіру

Қаржы нарығы – сапалы экономикалық өрлеуді қамтамасыз етудегі сын-қатерлер мен мүмкіндіктер

• Экономикадағы өсімді инвестициямен қамтамасыз ететін қаржы нарығы

• Қаржылық тұрақтылық: несие және жүйелік тәуекелдер

• Қаржы секторының құрылымдық трансформациясы: қаржы платформалары және экожүйелер

Цифрландыру және технологиялық трансформация жағдайындағы адами капитал мен еңбек нарығы

• Технологиялық өзгерістер мен цифрлық экономика дәуіріндегі жұмыспен қамту

• Инфляциялық процестер және еңбек нарығы: еңбек нарығындағы өзгерістердің баға динамикасына әсері

Орталық Азия кеңістігіндегі өңірлік даму

• Қазақстанның экономикалық байланысы мен өңірлік ынтымақтастық перспективаларын кеңейту

• Жаһандану жағдайында өңірлік даму факторы ретіндегі интегративті экономика.


Қызығушылық танытушылардан 2024 жылғы 1 наурызға дейін өз өтініміне зерттеу жұмысын қоса отырып, «Конференцияға қатысуға өтінім» деген белгімен conference@nationalbank.kz электрондық поштасына жіберуді сұраймыз.

Конференцияда баяндама жасауға таңдалған авторларға хабарлама жіберіледі.

«Ақша кредит саясатының стратегиялық мәселелері. Жаңа экономикалық сын-қатерлер» Ұлттық Банкінің ІІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (2023)

Алматыда Ұлттық Банкінің «Ақша кредит саясатының стратегиялық мәселелері. Жаңа экономикалық сын-қатерлер» тақырыбында ІІІ халықаралық ғылымитәжірибелік конференциясы өтті.

Конференцияға экономика және қаржы саласындағы тәуелсіз сарапшылар, сондай-ақ, Ұлттық Банкінің, академиялық қауымдастықтың, зерттеу орталықтарының, қаржы және халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік институттардың өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында Ұлттық Банк пен академиялық қауымдастықтың талдаушылар конференция қатысушыларына ортамерзімді кезеңдегі тұтынушылық бағаның динамикасы бойынша мәліметтерді, инфляция бойынша мақсатты бағдарларды белгілеу және оған қол жеткізу бойынша зерттеулер қорытындысын таныстырды. Тәуелсіз сарапшылар инфляцияның оңтайлы таргетін анықтау және оны тұрақтандыру бойынша монетарлық саясат жүргізуге қатысты өз пайымдарын ортаға салды.

Конферанцияда ақша-кредит саясатының ұзақмерзімді стратегиясы, жаһандық трендтер мен оның Қазақстандағы инфляциялық үдерістерге ықпалы, ішкі инфляция факторлары, Қазақстандағы ақша-кредит, фискалдық және макропруденциялық саясаттың өзара әрекет етуі талқыланды.

Конференция нәтижелері бойынша Ұлттық Банк «Экономикалық шолу» басылымының арнайы шығарылымын жарияланған, оған Конференцияда ұсынылған келесі зерттеулер кірді.

I cессия. Ақша-кредит саясатының ұзақ мерзімді стратегиясы: баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша бағдарды сандық тұжырымдау

• Инфляция бойынша нысаналы бағдарларды белгілеу және оларға қол жеткізу мәселелері. Қазақстандағы инфляция бойынша мақсаттың оңтайлы сипаттамаларын таңдау

Н.С. Мұқанов, Қ.А. Алмағамбетов, М.У. Джаржанов, А.Б. Ильясов

• Қазақстандағы инфляциялық таргеттеу, ақша-кредит саясаты және таргеттеуге қайта оралу

De Groot О., Konnings J.

• Орталық банктің тәуелсіздігі және инфляция бойынша мақсатқа жету

Б.М. Мұхамедиев, А.А. Хитахунов, Ж.С. Темірболатова

II cессия. Макроэкономикалық үйлестіру

• Fiscal rules in a DSGE model for Kazakhstan

Н. Абилов, Г. Авиамох, Ш Рахарджа

• Қазақстанның төлем балансының ағымдағы шотына мемлекеттік шығыстардың тауарлардың импорты арнасы арқылы әсері

Б.Ә. Тұрабай, А.Б. Өскенбаев, Ж.С. Мұратов, М.Х. Алмағамбетова, Н.Қ. Оспанов

• Қазақстандағы макропруденциялық және ақша-кредит саясаттарының өзара әрекеттесуі: мақсаттары, құралдары, әсерлері

Ж.Ж. Ыбраев

III cессия. Қазақстан Республикасындағы ішкі инфляцияның жағдайы және оның факторлары

• Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестердің ішкі факторлары

Ю.В. Баева, Е.А. Пак, В.С. Агеева

• A study of inflation persistence in Kazakhstan: what has changed?

Ә. Төлепберген

• Қазақстанда инфляциялық күтудің тұрақтануын бағалау

А.М. Кулкаева, А.Н. Сейдахметов

• Қазақстан үшін базалық инфляцияны әртүрлі бағалау

К.В. Орлов, А.Н. Сейдахметов

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Экономикалық шолуы: арнайы шығарылым (2023)

Ұлттық Банкінің макроэкономикалық модельдеу мәселелері бойынша II ғылыми-практикалық конференция (2019)

2019 жылғы 27 қыркүйекте Алматыда Ұлттық Банкінің макроэкономикалық модельдеу мәселелері бойынша 2-ші ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Іс-шараға Қазақстан, Ресей, Беларусь орталық банктерінің экономистері, қолданбалы зерттеу институттарының сарапшылары қатысты.

Негізгі мақсаттары – сараптамалық қоғамдастықты модельдік техникамен және зерттеулермен, сондай-ақ макроэкономика, ақша-кредит саясаты және қаржы секторын дамыту саласындағы қолданбалы ғылымизерттеу жұмыстарымен танысу.

Конференция нәтижелері бойынша Ұлттық Банк «Экономикалық шолу» басылымының арнайы шығарылымын жарияланған, оған Конференцияда ұсынылған келесі зерттеулер кірді.

• Тоқсандық болжау моделін пайдалану және ҚР ҰБ талдау және болжау жүйесіндегі спутниктік модельдер

А.М. Жүзбаев, К.В. Орлов, ҚРҰБ ақша-кредит саясаты департаменті

• Инфляция және экономикалық өсу: тепе-теңдікті іздеу

М.Н. Самат, К.Б. Мекебаева, ҚРҰБ ақша-кредит саясаты департаменті

• Сыртқы күйзелістердің ЕАЭО-ға қатысушы мемлекеттердің экономикасына әсерін бағалау

А. Кузнецов, А. Харитончик, А. Бердігулова, К. Федоров, Еуразиялық Даму Банкі

• Қазақстан экономикасының DSGE моделі негізінде ақша-кредит саясатын оңтайландыру

Д.Н. Шульц, Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясы, А.Б. Қысықов, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығы

• Тепе-теңдік бағамын бағалау: қиын мәселеге қарапайым көзқарас

Н.Л. Мирончик, Беларусь Республикасы Ұлттық Банкінің зерттеулер басқармасы

• Микродеректер негізінде қазақстандық еңбек нарығын талдау

А. Бауыржан, Қолданбалы экономика орталығы

• Еңбек нарығындағы адами капиталды дамытудың тенденциялары мен орта мерзімді перспективалары

А.А. Адамбекова, Д.Д. Ешпанова, Нархоз университеті

Ұлттық Банкінің I-ші ғылыми-практикалық конференция (2017)

2017 жылғы 12 қыркүйекте Алматы қаласында «Макроэкономикалық үлгі жасау: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің үлгі жасау жүйесі және Қазақстандағы ғылыми-зерттеу жұмысы» деген тақырыпта I-ші Ғылыми-практикалық конференцияны өткізілген.

Ұлттық Банкінің және ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтың өкілдері экономикадағы макроэкономикалық процестердің үлгісін жасау тақырыбын талқылап, өздерінің ғылыми тәжірибесімен бөлісті.

Конференция Ұлттық Банк пайдаланатын үлгі жасау аппаратын көрсетуге және Қазақстанның ғылыми топтары жүргізетін макроэкономика саласындағы ғылыми жұмыстарды ұсынуға арналған.

Өткізілген талқылау заманауи болмыстағы экономикалық өзара байланыстарды түсінудің және орта мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізуде мемлекеттік саясат тиімділігінің маңызды мәселелеріне түрлі тұрғыдан қарауға мүмкіндік берді.

Конференцияға Қазақстанның жетекші ғылыми, зерттеу және оқу ұйымдарының спикерлері, оның ішінде Экономикалық зерттеулер институты, Қолданбалы экономика орталығы, Назарбаев Университеті, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық зерттеу институты, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, ҚМЭБИ Университеті, М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дың Қазақстандағы филиалы қатысты.

«Экономикалық процестерді модельдеу мен болжаудың экономикалық әдістері» 1-сессиясі

• «Инфляцияны модельдеу, эмпирикалық бағалау»

О.А. Төлеуов, ҚРҰБ зерттеулер және статистика департаментінің жетекші маман-талдаушысы

• «Өндіріс әдісімен ЖІӨ модельдеу»

К.Б. Мекенбаева, ҚРҰБ зерттеулер және статистика департаментінің бас маман-талдаушысы

• «Соңғы пайдалану әдісімен ЖІӨ модельдеу»

А.М. Жүзбаев, ҚРҰБ зерттеулер және статистика департаментінің жетекші маман-талдаушысы

• «Краткосрочные прогнозы макроэкономических индикаторов»

Ж. Айғазин, Қолданбалы экономика орталығының директоры, э. ғ. к

«Қазақстан экономикасының құрылымдық моделі» 2-сессиясі

• «Қазақстанның тоқсандық болжамдық моделі»

Д.О. Чернявский, Н.С. Мұқанов, ҚРҰБ зерттеулер және статистика департаментінің бас маман-талдаушылары

• «Қазақстанның дамуын макроэкономикалық болжаудың орта мерзімді тоқсандық моделі»

Ш.Ж. Шунеев, Экономикалық зерттеулер институтының зерттеу және болжау орталығы директорының орынбасары

«Монетарлық саясат саласындағы қолданбалы макроэкономикалық зерттеулер» 3-сессиясі

• «Көп елдік DSGE моделі негізінде макропруденциалдық, монетарлық және фискалдық саясат бойынша ұсыныстар әзірлеу»

А.А. Әшімов, т.ғ. д., профессор, ҚР ҰҒА академигі, ғылыми-техникалық бағдарламаның жетекшісі, Қ. И. Сәтбаева ат. ҚазҰТУ

• «Орталық банктің макромодельдеуі-болашаққа арналған идеялар»

Атану Ракшит, э.ғ.д., (PhD in Economics), Жоғары бизнес мектебінің ассистент профессоры, Nazarbayev University

• «Өтпелі экономикасы бар елдердегі ақша-несие саясаты ережелерінің эволюциясы»

Б.М. Мұхамадиев, э.ғ.д., «Экономика» кафедрасының профессоры, Экономика және бизнес жоғары мектебі, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ

• «Қазақстандық теңге қай бағытта қозғалады? Қазақстан мен Орталық Азиядағы айырбас бағамы саясатының кейбір мәселелері»

Юнбей Ким, экономика докторы (PhD in Economics), Мемлекеттік саясат жоғары мектебінің профессоры, Nazarbayev University

• «ҚР-дағы айырбас бағамы, базалық мөлшерлеме және кредиттердің қайтарымдылығы»

Г. Молдашева, ҚМЭБИ университетінің профессоры

• «Экспортқа бағдарланған экономикалар үшін жалпы макроэкономикалық тепе-теңдік моделін бағалау (Қазақстан мен Ресей мысалында)»

Д.Б. Кунашева, Ю.В. Баева, М.В. Ломоносов ат. ММУ-дың Қазақстандағы филиалы

• «Ұлттық экономиканың басқарушылық секторының инновациялық технологиясын дамыту»

С.Б. Байзақов, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ ғылыми жетекшісі

Жоғарыға