Ақша-кредит саясатының 2030 жылға дейінгі стратегиясы - бұл 2030 жылға дейінгі ақша-кредит саясатының даму бағытын анықтайтын ұзақ мерзімді құжат.
Стратегия баға тұрақтылығын қамтамасыз ету потенциалын күшейту және Қазақстандағы инфляциялық таргеттеу режимінің негізін нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің саясатының ашықтығын арттыруға бағытталған. Ол ақша-кредит саясатының негізгі мақсаттары мен басымдықтарын анықтайды, бұл қоғам тарапынан Ұлттық Банктің қызметі туралы хабардарлық пен түсінуді арттырады.
Инфляцияны төмендету потенциалын тежейтін факторларды талдау негізінде экономикадағы құрылымдық шектеулерден өту және инфляциялық таргеттеудің толыққанды режиміне қол жеткізу үшін ақша-кредит саясатының тетіктерін жетілдіру бойынша басым шаралар анықталды.
Стратегиядағы негізгі бастамалар 3 бағытқа бөлінген.
Жоғарыда аталған барлық бағыттар бойынша бастамаларды іске асыру инфляциялық таргеттеудің қажетті элементтерін құруға мүмкіндік береді, бұл, өз кезегінде, баға өсуінің бақылауын күшейтеді, инфляцияның төмендеуі мен орта мерзімде белгіленген 5% мақсатына жуық тұрақтануын қамтамасыз етеді. Бұл ұзақ мерзімді инвестициялар үшін болжамды жағдай жасайды және Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына ықпал етеді.