link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

"Қазақстан суретшілері (графиктері)" сериясы

жарияланым күні: 04.01.2007

"Е.Сидоркин"

номиналы - 500 теңге

2006 жылғы 28 желтоқсанада айналысқа шығарылды.

     

Монетаның бет жағының (аверсінің) орталық бөлігінде полотноға қылқаламмен  "500 ТЕҢГЕ" деген номиналды және соғылған жылын білдіретін "2006" деген сандар өрнектелген картина бейнеленген. Монетаның жоғарғы бөлігінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Төменгі бөлігінде – монета жасалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін "Ag 925 31.1 gr." деген жазба.  Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және ағылшын тілінде “REPUBLIK OF KAZAKHSTAN” деген жазу орналастырылған.  Жазулар жиекке ойып жазылған және нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағындағы (реверсіндегі) орталық бөлігінде Е.Сидоркиннің "Алматының алмасы" туындысы бейнеленген. Суреттен төмен автордың факсимилесі орналасқан. Суреттің оң және сол жақтарында – суретшінің аты-жөні.  Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне мемлекеттік тілде "АЛМАТЫНЫҢ АЛМАСЫ" және ағылшын тілінде "APPLES OF ALMATY" деген жазулар орналастырылған. Жазулар жиекке ойып жазылған және нүктелермен бөлінген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы – 31,1 грамм,

диаметрі – 38,61 мм,

шығару сапасы - "proof",

таралымы – 4 мың дана.

 

 

"М.Кисамединов"

номиналы - 500 теңге

2007 жылғы 13 қазанда айналысқа шығарылды.

   

 

Монетаның бет жағының (аверсінің) орталық бөлігінде полотноға қылқаламмен  "500 ТЕҢГЕ" деген номиналды және соғылған жылын білдіретін "2007" деген сандар өрнектелген картина бейнеленген. Монетаның жоғарғы бөлігінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Төменгі бөлігінде – монета жасалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін "Ag 925 31.1 gr." деген жазба.  Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және ағылшын тілінде “REPUBLIK OF KAZAKHSTAN” деген жазу орналастырылған.  Жазулар жиекке ойып жазылған және нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортасында М. Қисамединовтың «Аңыз» деген шығармасы орналастырылған. Шығарманың астында автордың факсимилесі орналастырылған. Суреттің сол және оң жағында суретшінің аты-жөні жазылған. Монетаның жоғарғы жақ бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі жазылған. Монетаны айналдыра күңгірт жалпақ көмкерме өтеді, онда мемлекеттік тілде «ҚОЗҒАЛЫС» СЕРИЯСЫ • ЕРТЕГІ АҢЫЗ» және ағылшын тілінде «MOVEMENT SERIES • MYTH» деген жазу жазылған. Көмкермедегі жазулар ойып жазылған және аралары нүктелермен бөлінген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы – 31,1 грамм,

диаметрі – 38,61 мм, шығару сапасы - "proof",

таралымы – 4 мың дана.

 

"С. Калмыков"

номиналы - 500 теңге

2008 жылғы 6 қыркүйекте айналысқа шығарылды.

   


Монетаның беткі жағында (аверсінде) ортада полотноға  қылқаламмен «500 ТЕҢГЕ» деген номиналы және соғылған жылын білдіретін «2008» деген сан жазылған. Монетаның жоғарғы бөлігінде - Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі. Төменгі бөлігінде монета соғылған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  31,1gr.» деген жазу бар. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оған бедерлеп мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIС OF KAZAKHSTAN» деген сөздер жазылған.  Жиектегі жазулар ойып жазылған және нүктелермен бөлінген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) орта бөлігінде С. Калмыковтың «атауы жоқ» туындыларының бірі бейнеленген. Суреттің астына автордың факсимилесі орналасқан. Монетаның жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің  логотипі. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, онда мемлекеттік тілде «С.КАЛМЫКОВ • АТАУЫ ЖОҚ» және ағылшын тілінде «S.KALMYKOV • UNNAMED» деген жазулар орналастырылған.  Жиектегі жазулар ойып жазылған және нүктелермен бөлінген.

Монетаның беткі және сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленіп жазылған.

Қыры (гурт)  бұдырлы.

Монета сынамы 925 күмістен дайындалған, 

массасы – 31,1 грамм, 

диаметрі – 38,61 мм,

«proof» сапасымен дайындалған,

таралымы  - 4 мың дана.


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018