link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Баспасөз орталығы
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Қазақстанның мемлекеттік наградалары

жарияланым күні: 20.01.2009

«Алтын Қыран орденінің белгісі» монетасы

2006 жылғы 10 қазанда айналысқа шығарылды.

     

Монетаның бет жағының (аверсінің) жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде «50» саны және оның астында монетаның номиналын білдіретін «ТЕҢГЕ» жазуы бар. Номиналдың  оң жағы мен сол жағына ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. Мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген сөздер айналдыра жазылып, шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында  (реверсінде) орталық бөлігінде «Алтын Қыран» ордені белгісінің бейнесі орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «АЛТЫН ҚЫРАН ОРДЕНІНІҢ БЕЛГІСІ», орыс тілінде «ЗНАК ОРДЕНА» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін «2006» деген сан жазылған. Жазулар мен сан нүктелермен ажыратылған. Айналдыра шығыңқы жиек бар.

Диаметрі – 31 мм, қалыңдығы – 2 мм,  салмағы – 11.17 грамм.

Қыры (гурты) 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Таралымы – 50 мың дана.

«Алтын Қыран орденінің жұлдызы» монетасы

2006 жылғы 10 қазанда айналысқа шығарылды.

   

Монетаның бет жағының (аверсінің) жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде «50» саны және оның астында монетаның номиналын білдіретін «ТЕҢГЕ» жазуы бар. Номиналдың  оң жағы мен сол жағына ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. Мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген сөздер айналдыра жазылып, шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде «Алтын Қыран» ордені жұлдызының бейнесі орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «АЛТЫН ҚЫРАН ОРДЕНІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫ»,  орыс тілінде «ЗВЕЗДА ОРДЕНА» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін «2006» деген сан жазылған. Жазулар мен сан нүктелермен ажыратылған. Айналдыра шығыңқы – жиек бар.

Диаметрі – 31 мм, қалыңдығы – 2 мм,  салмағы – 11.17 грамм.

Қыры (гурты) 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Таралымы – 50 мың дана.

Орден Отан монетасы

2007 жылғы 4 қыркүйекте айналысқа шығарылды.

     

Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлігіне Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50» деген сан және оның үстінде «ТЕҢГЕ» деген жазу жазылған. Номиналдың сол және оң жағында ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. Мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу айналдыра жазылған және шығыңқы жиек бар.

Монетаның сырт жағының  (реверсі) орта тұсында «Отан» ордені бейнеленген. Жоғарғы бөлікте ұлттық ою-өрнек бенеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ОТАН ОРДЕНІ», орыс тілінде «ОРДЕН ОТАН» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін 2007 деген сандар орналасқан. Жазулар мен сандардың арасы нүктелермен ажыратылған. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) бүдірлі, 10 секторға бөлініп бүдірленген.

Монета ақ түсті «нейзильбер» қоспасынан дайындалған, диаметрі - 31 мм, қалыңдығы – 2 мм, массасы - 11,7 грамм, таралымы - 50 мың дана.

«Даңқ» орденінің жұлдызы» монетасы

2008 жылғы 31 қазанда  айналысқа шығарылды.

     

Монеталардың бет жағына (аверсіне) орта бөлігінде адам мен ғаламның бірлігін, өткен күн мен бүгінгінің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Оң жақ бөлігінде монетаның номиналы «50 ТЕҢГЕ» жазылған. Монетаны айналдыра  мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде “REPUBLIK OF KAZAKHSTAN” деген сөздер жазылған.  Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде «Даңқ» ордені жұлдызының суреті орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ДАҢҚ ОРДЕНІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫ», орыс тілінде «ЗВЕЗДА ОРДЕНА» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін 2008 деген сан орналастырылған. Жазулар және сан нүктелермен бөлінген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) бүдірлі.

Монета ақ түсті «нейзильбер» қоспасынан дайындалған, диаметрі - 31 мм, қалыңдығы – 2 мм, массасы - 11,7 грамм, таралымы - 50 мың дана.


«Айбын» ордені» монетасы

2008 жылғы 18 қарашада айналысқа шығарылды

   

Монеталардың бет жағына (аверсіне) орта бөлігінде адам мен ғаламның бірлігін, өткен күн мен бүгінгінің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Оң жақ бөлігінде монетаның номиналы «50 ТЕҢГЕ» жазылған. Монетаны айналдыра  мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде “REPUBLIK OF KAZAKHSTAN” деген сөздер жазылған.  Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағының (реверсінің) орталық бөлігінде «Айбын» орденінің суреті орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «АЙБЫН ОРДЕНІ», орыс тілінде «ОРДЕН АЙБЫН» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін 2008 деген сан орналастырылған. Жазулар және сан нүктелермен бөлінген. Айналдыра – шығыңқы жиек.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) бүдірлі.

Монета ақ түсті «нейзильбер» қоспасынан дайындалған, диаметрі - 31 мм, қалыңдығы – 2 мм, массасы - 11,7 грамм, таралымы - 50 мың дана.


«Достық» орденінің жұлдызы» монетасы

2009 жылғы 6 наурызда айналысқа шығарылды.

     

Монеталардың бет жағына (аверсіне) орта бөлігінде адам мен ғаламның бірлігін, өткен күн мен бүгінгінің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Оң жақ бөлігінде монетаның номиналы «50 ТЕҢГЕ» жазылған. Монетаны айналдыра  мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде “REPUBLIK OF KAZAKHSTAN” деген сөздер жазылған.  Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде алқаға ілінген «Достық» ордені жұлдызының суреті орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «ДОСТЫҚ» ОРДЕНІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫ», орыс тілінде «ЗВЕЗДА ОРДЕНА» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін 2009 деген сан бар. Жазулар және сан нүктелермен бөлінген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) бүдірлі.

Монета ақ түсті «нейзильбер» қоспасынан дайындалған, диаметрі - 31 мм, қалыңдығы – 2 мм, массасы - 11,7 грамм, таралымы - 50 мың дана.


«Парасат» ордені» монетасы

2009 жылғы 6 наурызда айналысқа шығарылды.

     

Монеталардың бет жағына (аверсіне) орта бөлігінде адам мен ғаламның бірлігін, өткен күн мен бүгінгінің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Оң жақ бөлігінде монетаның номиналы «50 ТЕҢГЕ» жазылған. Монетаны айналдыра  мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде “REPUBLIK OF KAZAKHSTAN” деген сөздер жазылған.  Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде алқаға ілінген «Парасат» орденінің суреті  орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «ПАРАСАТ ОРДЕНІ», орыс тілінде «ОРДЕН ПАРАСАТ» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін 2009 деген сан бар. Жазулар және сан нүктелермен бөлінген. Айналд������ра шығыңқы жиек жүргізілген.

Қыры (гурт) бүдірлі.

Монета ақ түсті «нейзильбер» қоспасынан дайындалған, диаметрі - 31 мм, қалыңдығы – 2 мм, массасы - 11,7 грамм, таралымы - 50 мың дана.

«Құрмет» орденінің белгісі»

номиналы – 50 теңге

2010 жылғы 25 маусымда айналысқа шығарылды

   

Диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номиналдың сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу және шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде «Құрмет» орденінің белгісі орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚҰРМЕТ ОРДЕНІНІҢ БЕЛГІСІ», орыс тілінде «ЗНАК ОРДЕНА» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін «2010» деген сан жазылған. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Таралымы – 50 мың дана.

 


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018