link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Ертеде соғылған монеталар

жарияланым күні: 04.01.2007

"Деңга"

номиналы - 500 теңге

2004 жылғы 7 қарашада айналысқа шығарылды.

Осы күміс монета дизайнында Қазақстан аумағындағы археологиялық қазбалар кезінде табылған көне монеталардың бейнелері пайдаланылатын монеталардың жаңа сериясын ашады. Монета оның үстіңгі жағына түпнұсқаға сәйкес келетін материалдарды қолдану технологиясымен дайындалған.

VІІІ ғ. Деңга. Түргештер мемлекеті. Қола. Алтынтөбе қалашығы. Гүлденген Отырар.

     

Монетаның бет жағында (аверсінде) ортасында қоладан жасалған тесілген "Теңге" монетасы бейнеленген. Монетаның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ", мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін "2004" саны және ағылшын тілінде "REPUBLIK OF KAZAKHSTAN" деген жазу айналдыра жазылып, шығыңқы жиек жүргізілген. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағына (реверсіне) ортасына сирек кездесетін нумизматикалық көне монетаның басқа жағы бейнеленген. Жоғарғы бөлігіне мемлекеттік тілде айналдыра "ДЕҢГА" деген жазу, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі және ағылшын тілінде "DENGA"  деген жазу нүктелермен бөлініп жазылған. Төменгі бөлігіне ғалымдар жатқызған осы монетаның ғасырларын білдіретін "VІІІ ғ.", "VІІІ с." деген жазулар,  монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін  "Ag 925    31,1 gr." деген жазу нүктелермен бөлініп айналдыра жазылған. Жоғарғы және төменгі бөлігіндегі жазулар  ұлттық ою-өрнектің екі элементімен бөлінген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) тегіс, бедерленбеген және жазулары жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, "proof" сапасымен шығарылған, таралымы – 5 мың дана.


"Драхма"

номиналы - 500 теңге

2005 жылғы 20 тамыздан айналысқа шығарылды.

VII – VIII ғасырлардағы драхма. “Бухархудаты” (Бұқара қаласының басқарушылары). Күміс. Алтынтөбе қалашығы (Оңтүстік Қазақстан. Отырар алқабы).

     

Монетаның бет жағында (аверсіне) орта тұсында «Драхма» ескі күміс монетаның бейнесі. Айналдыра  монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ», мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу, ақшаның соғылған жылын білдіретін «2005» деген сан, ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN»  деген жазу және  шығыңқы кант жүргізілген. Жазулар мен сандар  нүкте арқылы бөлінген.

Монетаның сырт жағының (реверсінің) ортасына нумизматикалық раритеттің басқа жағы бейнеленген. Монетаның жоғарғы бөлігіне айналдыра, нүктемен бөлінген мемлекеттік тілде «ДРАХМА» деген жазу, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі және ағылшын тілінде «DRAKHMA» деген жазу бар. Төменгі бөлігінде айналдыра жазылған ғалымдар осы монетаны жатқызып отырған ғасырды білдіретін  «VIII ғ.» және «VIII с.» деген екі жазу және монета жасалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін нүкте арқылы бөлінген «Ag 925 31,1 gr.» деген жазу бар. Жоғарғы және төменгі бөліктердегі жазулар ұлттық ою-өрнектің екі элементімен бөлінген. Айналдыра шығыңқы кант жүргізілген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) тегіс, бедерленбеген және  жазулары жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, салмағы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, «proof» сапасымен дайындалған, таралымы – 5 мың дана.


"Дирхем"

номиналы - 500 теңге

2006 жылғы 7 қарашада айналысқа шығарылды.

Дирхем монетасы XVI ғасырда Тимур және Тимуридтер мемлекетінде күмістен жасалған. Монета Отырар қаласының археологиялық қазбалары кезінде табылған.

    

Монетаның бет жағында (аверсінде) ортасында «Дирхем» көне күміс монетасының бейнесі орналастырылған. Монетаны айналдыра монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ», мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазба, соғылған жылын білдіретін «2006» деген сан, ағылшын тілінде «REPUBLIС OF KAZAKHSTAN» деген жазба жасаған. Жазбалар мен сандардың арасы нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортасында нумизматикалық раритеттің басқа тараптың бейнесі орналастырылған. Шеңбер бойынша жоғарғы бөлігінде нүктелермен бөлінген мемлекеттік тілдегі «ДИРХЕМ» жазбасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі және ағылшын тіліндегі «DIRKHEM» жазбасы жасалған. Шеңбер бойынша төменгі бөлігінде ғалымдар осы монетаны жатқызған ғасырды білдіретін «XVI ғ.» «XVI с.» деген екі жазба және монета жасалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін, нүктелермен бөлінген «Ag 925 31,1 gr.» деген жазбалар орналастырылған. Жоғарғы және төменгі бөліктің жазбалары ұлттық өрнектің екі элементімен бөлінген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер және жазбалар бедерленген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, шығару сапасы - «proof», таралымы – 5 мың дана.


«Отырар монетасы»

номиналы - 500 теңге

2007 жылғы 20 желтоқсанда айналысқа шығарылды.

Бұл монетаның дизайнында Батыс Түрік қағанатының Отырар әміршісі соққызған VII-VIII ғасырлардағы монетаның бейнесі пайдаланылды. (Қола. Қоңыр төбе, Алтын төбе, Құйрық төбе қалашықтары)

   

Монетаның бет жағының (аверсінде) ортасында Батыс Түрік қағанатының Отырар әміршісі соққызған ежелгі қола монетаның бейнесі берілген. Айналдыра монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу және мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2007» деген сан, ағылшын тілінде «REPUBLIС OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағының  (реверсі) орта тұсында нумизматикалық раритеттің басқа беті бейнеленген. Жоғарғы жағында айналдыра нүктелермен бөлінген мемлекеттік тілде «ОТЫРАР МОНЕТАСЫ» деген жазу және ағылшын тілінде «COIN OF OTRAR» деген жазу бар. Төменгі жағында айналдыра ғалымдардың ойынша осы монетаның  шыққан ғасырларын білдіретін «с.VII-VIIIғ.» деген жазу, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі және монетаның жасалған металын, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31.1 gr.» деген жазу бар. Жазулар мен логотип нүктелермен бөлінген. Жоғарғы және төменгі жақтағы жазулар ұлттық ою-өрнектің екі элементімен бөлінген.  

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) бүдірленген.

Монета сынамы 925 күмістен дайындалған, массасы - 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындалу сапасы – «proof», таралымы - 4 мың дана.


“Сарайшық монетасы”

номиналы - 500 теңге

2008 жылғы 3 желтоқсанда айналысқа шығарылды.

     

Монетаның бет жағында (аверсінде) ортасында Сарайшықта соғылған көне күміс монетаның бейнесі орналастырылған. Монетаны айналдыра монетаның номиналын білдіретін мемлекеттік тілде «500 ТЕҢГЕ», «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазулар, соғылған жылын білдіретін «2008» деген сан, ағылшын тілінде «REPUBLIС OF KAZAKHSTAN» деген жазу жазылған. Жазбалар мен сандардың арасы нүктелермен бөлінген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) ортасында нумизматикалық раритеттің екінші жағының бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде ғалымдар осы монета шығарылған деп отырған ғасырды білдіретін «с. XIV ғ.» деген жазу бар. Шеңбер бойынша жоғарғы бөлігінде арасы нүктелермен бөлінген мемлекеттік тілде «САРАЙШЫҚ МОНЕТАСЫ» деген жазу және ағылшын тілінде «COIN JF SARAIJUK» деген жазу бар. Шеңбердің төменгі бөлігінде монета жасалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  31,1 gr.» деген жазу және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бар. Жоғарғы және төменгі бөліктердегі жазулардың арасы ұлттық өрнектің екі элементімен бөлінген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер және жазбалар бедерленген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, шығару сапасы - «proof», таралымы – 5 мың дана.


«Алматы монетасы»

номиналы – 500 теңге

 2009 жылғы 20 маусымда айналысқа шығарылды.

    

Монетаның бет жағында (аверсінде) ортада Алматы монета сарайында соғылған ХШ ғасырдың аяғындағы көне дирхем күміс монетасы бейнеленген. Айналдыра алтын жалатылған жолақтың бетінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ», «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу мемлекеттік тілде, соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан, ағылшын тілінде «REPUBLIK OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортада нумизматикалық раритеттің екінші жағы бейнеленген. Айналдыра алтын жалатылған жолақтың бетіне мемлекеттік тілде «АЛМАТЫ МОНЕТАСЫ», ағылшын тілінде «COIN OF ALMATY», ғалымдар осы монетаны жатқызған ғасырды білдіретін «ХШ ғ.» және «ХШ с.» деген жазу, монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін  «Ag 925  31,1 gr.» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер және жазбалар бедерленген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен дайындалған, массасы 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындалу сапасы –  «proof», таралымы – 4 мың дана.


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018