link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Валюталық реттеу

Валюталық заңнама
Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру
Валюталық операцияларды тіркеу және олар туралы хабарлау режимдері
Валюталық мониторинг
Экспорттық-импорттық валюталық бақылау
Валюталық реттеудің сұрақтары

Валюталық операцияларды тіркеу және олар туралы хабарлау режимдері

Валюталық операцияларды Ұлттық Банкте тіркеу және Ұлттық Банктің өткізілген валюталық операция туралы немесе шетелдік банкте шот ашу туралы валюталық операциялар және капитал ағындары бойынша ақпараттық базаны қамтамасыз ету мақсатында іске асырылады.  Тіркеу мен хабарлау  талаптары ірі капитал қозғалысы операцияларды іске асыратын немесе шетелдік банктердегі шоттарға ие болатын резиденттерге таратылады.

Валюталық операцияларды тіркеу және олар туралы хабарлау режимдері таратылатын капитал қозғалысы операциялар «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының заңымен анықталған. Осы операцияларды ірі көлемдегі капитал қозғалысы операцияларға жатқызатын шекті мәндер Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген.

Валюталық шартты тіркеу (толық көлемдегі келісімдер) және резиденттің тіркелген шарт шеңберіндегі операциялар бойынша және оның өзгерістері туралы мәліметтерді кейінгі ұсынуы валюталық операцияларды тіркеу болып саналады. Тіркеу үшін резидент валюталық шарттың көшірмесін және басқа да құжаттарды Ұлттық Банктің аумақтық филиалына ұсынады. Валюталық шартты тіркеу мемлекеттік қызмет болып табылады, оның нәтижесінде тіркеу куәлігі беріледі.

Уәкілетті банктер шарт бойынша төлемдерді және аударымдарды тіркеу куәлігі көрсетілгенде өткізеді.

Валюталық операция туралы хабарлау валюталық шарт туралы ақпаратты белгіленген нысан бойынша ұсынуды және резиденттің тіркелген шарт шеңберіндегі операциялар бойынша және оның өзгерістері туралы мәліметтерді кейінгі ұсынуын қамтиды. Резиденттер валюталық шарт туралы ақпаратты  төлемді және (немесе) ақша аударымды өткізгеннен кейін белгіленген нысан бойынша ұсына алады.

Хабарлау қызмет көрсететін банктермен және валюталық операцияларды клиенттердің тапсырмасы бойынша өткізетін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен жүйелі есептілік нысанында өткізілу мүмкін.

Қызмет көрсететін банктер және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары болып табылмайтын резиденттер өткізілген капитал қозғалысы операциялар туралы Ұлттық Банктің аумақтық филиалына хабарлайды.

Мүлікті сатып алумен байланысты төлемдерді және (немесе) ақша аударымды өткізгенде Ұлттық Банкке хабарлау туралы талап жеке тұлғаларға таратылмайды.

Шетелдік банктерде шот ашу туралы хабарлау резидент заңды тұлғалармен шетелдік банктермен шот ашу туралы шартты жасағаннан кейін жүзеге асырылады (шарт жасау күнінен кейінгі 30 күнтізбелік күндер ішінде).  

Ақша аударымды шетелдік банкте шоттан/шотқа өткізгенде Ұлттық Банкке хабарлау туралы талап жеке тұлғаларға таратылмайды.

Ұлттық Банктің аумақтық филиалына валюталық операция немесе шетелдік банкте шот ашу туралы хабарлау мемлекеттік қызмет болып табылады, оның нәтижесінде хабарлау туралы куәлік беріледі.

 

Жеке және заңды тұлғалар үшін:

Тіркеу куәлігі/валюталық операция және шетелдік банкте шот ашу туралы хабарлау туралы куәлік алуға өтініштің нысаны.

Алынған тіркеу куәліктері және хабарлау туралы куәліктер бойынша есептіліктері  Валюталық операциялар бойынша әкімшілік есеп беру нысандар тізбелерінің бөлімінен табылуы және де электронды  түрде Портал арқылы ұсынылуы мүмкін. Есептерді ААЖ «ҚРҰБ веб-порталының Пилоттық жобасы» арқылы электрондық түрде ұсыну бойынша жадынама.

 

Уәкілетті банктер үшін:

Валюталық операциялар бойынша банк есептіліктері мен байланыс мәліметтері Валюталық операциялар бойынша әкімшілік есеп беру нысандар тізбелерінің бөлімінен табылуы мүмкін.

«Банк резидент еместерден тартқан қаржылай қарыздарды игеру және оларға қызмет көрсету туралы есеп» нысанын (Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларына 9-2-қосымша) толық баланстық есепшоттар талдамасымен толтыруға Сәйкестік Кесте


Валюталық операциялар туралы хабарлау режимін қолдануға арналған Қазақстан Республикасы шығарушы-резиденттерінің басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарған 01.04.2018 ж. жағдай бойынша қолданыстағы бағалы қағаздар шығарылымдары туралы мәліметтер (.xls, 03/04/2018,  41,00 KB)
Валюталық реттеу режимдерінің кестесі (.xls, 16/06/2016,  51,50 KB)
22.04.18 ж. жағдай бойынша қолданыстағы куәліктер (.xls, 23/04/2018,  347,84 KB)
Валюталық операциялар туралы хабарлау режимін қолдануға арналған Қазақстан Республикасы резидент-шығарушыларының басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарған 01.12.2017 ж. жағдай бойынша қолданыстағы бағалы қағаздар шығарылымдары туралы мәліметтер (.xls, 04/12/2017,  41,50 KB)
Валюталық операциялар туралы хабарлау режимін қолдануға арналған Қазақстан Республикасы резидент-шығарушыларының басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарған 01.12.2016 ж. жағдай бойынша қолданыстағы бағалы қағаздар шығарылымдары туралы мәліметтер (.xls, 01/12/2016,  41,00 KB)
Валюталық операциялар туралы хабарлау режимін қолдануға арналған Қазақстан Республикасы резидент-шығарушыларының басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарған 01.12.2015 ж. жағдай бойынша қолданыстағы бағалы қағаздар шығарылымдары туралы мәліметтер (.xls, 04/12/2015,  41,50 KB)
Валюталық операциялар туралы хабарлау режимін қолдануға арналған Қазақстан Республикасы резидент-шығарушыларының басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарған 01.12.2014 ж. жағдай бойынша қолданыстағы бағалы қағаздар шығарылымдары туралы мәліметтер (.xls, 04/12/2014,  41,50 KB)
  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018