link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Баспасөз орталығы
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Ақша-кредит саясаты

Инфляция және инфляциялық күтулер
Инфляциялық таргеттеу
Базалық мөлшерлеме
Айырбастау бағамының саясаты
АКС-тың негізгі бағыттары
АКС бойынша шешімдерді қабылдау процесі
АКС бойынша баспасөз релиздері
АКС құралдары
Инфляцияға шолу
Экономикалық зерттеу
Кәсіпорындар мониторингі
Экономикаға қысқаша шолу
АКС бойынша сұрақ-жауап

Базалық мөлшерлеме

Базалық мөлшерлеме Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының ақша нарығында номиналдық банкаралық пайыздық мөлшерлемелерді реттеуге мүмкіндік беретін негізгі құралы болып табылады. Базалық мөлшерлеменің деңгейін белгілей отырып, Ұлттық Банк ортамерзімді кезеңде баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша мақсатқа қол жеткізу үшін ақша нарығының таргеттелетін (нысаналы) банкаралық қысқамерзімді мөлшерлемесінің нысаналы мәнін айқындайды.

Ақша нарығының нысаналы банкаралық қысқамерзімді мөлшерлемесі TONIA индикаторы – Қазақстан қор биржасында автоматты РЕПО секторында жасалған бір жұмыс күні мерзіміне РЕПО ашу мәмілелері бойынша орташа алынған пайыздық мөлшерлеме болып табылады.

Базалық мөлшерлеменің өзгеруі ақша нарығының пайыздық мөлшерлемелері және айырбастау бағамы арқылы инфляция деңгейіне әсер етеді. Мысалы, базалық мөлшерлемені арттыру ақша нарығының пайыздық мөлшерлемелерінің өсуіне, одан кейін қаржа нарығындағы қаражаттың қымбаттауына апарады, бұл, өз кезегінде, халықтың және кәсіпорындардың тұтынуға және жинақтауға қатысты шешім қабылдауына ықпал етеді. Тұтынудың төмендеуі және жинақтардың артуы инфляцияға төмендету әсерін тигізеді. Оның үстіне, базалық мөлшерлеменің өсуі ұлттық валюта бағамының нығаюына ықпал етеді, бұл, өз кезегінде инфляцияға төмендету әсерін тигізеді.

Бұл ретте, базалық мөлшерлеменің өзгеруі инфляцияға ортамерзімді кезеңде ықпал етеді, ал қысқамерзімді кезеңде оның әсері шектеулі.

Ұлттық Банк базалық мөлшерлеме бойынша шешімді алдын ала белгіленген кестеге сәйкес немесе қажеттілігіне қарай қабылдайды.


Мөлшерлеме белгіленген күн (қай мерзімнен бастап)

Мөлшерлеменің деңгейі, %

Базалық мөлшерлеменің дәлізі, %

02.09.2015 12.0 7.0 - 17.0
02.10.2015 16.0 15.0 - 17.0
02.02.2016 17.0 15.0 - 19.0
15.03.2016 17.0 15.0 - 19.0
06.05.2016 15.0 14.0 - 16.0
07.06.2016 15.0 14.0 - 16.0
12.07.2016 13.0 12.0 - 14.0
16.08.2016 13.0 12.0 - 14.0
04.10.2016 12.5 11.5 - 13.5
15.11.2016 12.0 11.0 - 13.0
10.01.2017 12.0 11.0 - 13.0
21.02.2017 11.0 10.0 - 12.0
11.04.2017 11.0 10.0 - 12.0
06.06.2017 10.5 9.5 - 11.5
18.07.2017* 10.5 9.5 - 11.5

* қазіргі кезге дейін


Базалық мөлшерлеме бойынша баспасөз релиздері

№19 баспасөз релизі (.pdf 17/07/2017,  360,43 KB)
  Базалық мөлшерлемені 10,5% деңгейінде сақтау туралы
№16 баспасөз релизі (.pdf 05/06/2017,  332,07 KB)
  Базалық мөлшерлемені 10,5%-ға дейін төмендету туралы
№10 баспасөз релизі (.pdf 10/04/2017,  324,19 KB)
  Базалық мөлшерлемені 11% деңгейінде сақтау туралы
№7 баспасөз релизі (.pdf 20/02/2017,  321,31 KB)
  Базалық мөлшерлеме туралы
№1 баспасөз релизі (.pdf 09/01/2017,  433,96 KB)
  Базалық мөлшерлеме туралы
келесі
  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2017