link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Баспасөз орталығы
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне аккредиттеу жүргізу туралы хабарландыру

жарияланым күні: 25.07.2017

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне, «Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 Қаулысына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптама кеңесіне қатысу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне аккредиттеу жүргізу туралы хабарлайды.

Аккредиттеуді алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттар ұсынады:

1) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес өтініш;

2) түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда салыстырып тексеру үшін  құрылтай құжаттарының және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариат куәландырған көшірмелері;

Ескерту:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін қолданылады.

3) бірлестік мүшелерінің тізімі.

Аккредиттеуді алу үшін құжаттар пакеті 2017 жылғы 8 тамызға дейінгі мерзімде қабылданады.


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2017