1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Іскерлік белсенділік жақсарды. Қызмет көрсету секторында сұраныс жоғарылады, ал өндірісте – жұмыспен қамту жақсарды

2024 жылғы сәуірдегі іскерлік белсенділік туралы ҚРҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі      

Іскерлік белсенділік артып, 50,6 құрады. Индекстің көтерілуі қызмет көрсету секторындағы көрсеткіштің жақсаруы есебінен болды.

Қызмет көрсету секторы мен өндірісте іскерлік белсенділік индексі тиісінше 51,5 және 50,7 болып, оң аймақта қалды (наурызда – тиісінше 50,5 және 51,1). Қызмет көрсету секторында көрсеткіш, негізінен, жаңа тапсырыс көлемінің өсуі есебінен жақсарды. Ал өндірісте тауарлы-материалдық қорлардың көлемі мен жұмыспен қамту деңгейі жоғарылады.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде көрсеткіш 47,0-ге дейін (наурыздағы 49,0-ден) төмендеді. Құрылыста, аздап өскеніне қарамастан, индекс теріс аймақта қалып, 48,5 (наурызда – 48,2) болды. Аталған секторларда жұмыспен қамту деңгейі біршама төмендегені байқалады.

Бизнес-ахуал индексі сәуірде 16,9-ға дейін көтерілді. Бизнес жүргізудің қазіргі және болашақ жағдайлары оң бағаланады. Болашақ бизнес жағдайларға қатысты оптимизм жақсарды. Бұл ретте қазіргі бизнес жағдайды бағалау біршама төмендеді. Нәтижесінде бизнес-цикл «сағатының» индикаторы өсу аймағында қалды.   

Толығырақ: nationalbank.kz/kz/page/indeks-delovoy-aktivnosti-po-kazahstanu-ida

Жоғарыға