link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Баспасөз орталығы
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша қаржы ұйымдарын бақылау және қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімдерінің функциялары

жарияланым күні: 08.07.2014

Өңірлерде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалауды жүзеге асыруға жәрдем көрсету, қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету, сондай-ақ халықтың қаржылық сауаттылық деңгейін көтеру мақсатында 2013 жылғы наурыз айынан бастап ҚР Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарында қаржы ұйымдарын бақылау және қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімдері құрылды.

Бөлімнің қызметінің негізгі бағыттарының бірі мыналар болып табылады:

- қаржылық және микроқаржылық қызмет көрсету, сондай-ақ қаражатты қаржы құралдарына инвестициялау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

- қаржылық және микроқаржылық қызмет көрсету/ тұтыну, сондай-ақ осы қызметті тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- қаржылық қызметті тұтынушылардың қаржылық сауаттылығын көтеруге бағытталған ақпараттық материалдарды тарату бойынша жұмыс жүргізу;

- заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер бойынша қызмет көрсету және қызмет көрсету жөніндегі ақпаратты ашу кезінде заңнамалық тұрғыдан белгіленген талаптарды сақтау бойынша қаржы нарығы субъектілерінің және микроқаржы ұйымдарының қызметі бойынша  жоспардан тыс және құжаттамалық тексерулер жүргізу;

- қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету.  

Бөлім банктік қарызды төлеу бойынша қиыншылықтарға душар болып отырған қарыз алушыларға жәрдем көрсету мақсатында ақысыз құқықтық көмек көрсетеді, банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар өкілдерінің қатысуымен қарыз алушылар арасында кездесулер ұйымдастырады және өткізеді.

 

 


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018