Ұлттық Банктің Қоғамдық қабылдау бөлмесі мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
- азаматтарды, заңды тұлғалардың өкілдерін, қаржылық қызметтермен байланысты дара кәсіпкерлерді қабылдау;
- азаматтарға қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша консультациялар және банк, сақтандыру, зейнетақы, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығы салаларында қолданыстағы заңнама нормаларының түсіндірулерін беру;
- жекелеген жағдайларда қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен бірлесіп проблемалы қарыз алушылардың екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыру және оларды өткізу;
- өтініштерді қабылдау және олардың мән-жайы бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес одан әрі қаралуын қамтамасыз ету.
Ұлттық Банктің Қоғамдық қабылдау бөлмесі Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67-үй мекенжайы бойынша орналасқан.
Анықтама үшін телефон (727) 2 619-213
Жұмыс уақыты: Қоғамдық қабылдау бөлмесі күн сайын сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді (үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін)
Алдын ала жазылу талап етілмейді.
|