1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

«IACA EXCELLENCE IN CURRENCY 2017 COIN AWARDS» КОНКУРСЫНЫҢ ФИНАЛИСТЕРІ

«Дала қазынасы» монеталар сериясынан «Күлтегін» күміс монетасы «Best new commemorative coin or test coin» номинациясында ақтық мәреге қатысты. Күлтегін (685ж. – 731ж.) – көптеген көшпелі халықтардың басын біріктірген түркі халқының даңқты әскери қолбасшысы.  Оның құрметіне үлкен обалар кешені салынған, оның маңызды бөлігін бірқатар балбал тастар құрайды. Күлтегіннің эпитафиясын – VIII ғасырдағы түркі руникалық жазбасының ескерткішін 1889 жылы Орхон өзенінің (Моңғолия) бойынан Кошо-Цайдам даласында Н.М. Ядринцев тапты. Жазбалардың сырын 1893 жылы дат ғалымы, профессор Вильгельм Томсен ашты. Ескерткіште құнды  тарихи мәліметтер мен баға жетпес лингвистикалық материал бар.

Жоғарыға