Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет ақша-кредит саясаты мәселелері бойынша шешім қабылдайтын орган болып табылады.
Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.
Құрамы
- Комитет Төрағасы - Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы;
- Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының ақша-кредит саясаты және қаржылық тұрақтылық мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары;
- Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының монетарлық операциялар мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары;
- Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын дамыту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу мен дамытуды қадағалау агенттігімен өзара іс-қимылды үйлестіру бөлігінде қаржылық тұрақтылық мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары;
- Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры;
- Монетарлық операциялар департаментінің директоры;
- Қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаментінің директоры;
- Төлем балансы департаментінің директоры;
- Қазақстан Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы Тұрақты өкілдігінің Департамент – зерттеулер және талдама орталығының директоры.