1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Кеңейтілген айқындаудағы мемлекеттік сектордың сыртқы борышы

КАМС сыртқы борышын жеке талдамалы категорияға бөліп шығару елдің мемлекеттік қаржысының ұзақ мерзімді тұрақтылығын (оның ішінде сыртқы) қамтамасыз етудің маңызды элементі ретінде мемлекеттік сектордың тікелей және әлеуетті борыштық міндеттемелері бойынша сенімді және уақытылы статистиканың қажеттілігіне байланысты.

КАМС сыртқы борышын құрастыру және бағалау «Төлем балансы және халықаралық инвестициялық позиция нұсқаулығының» 6-шы шығарылымындағы стандартты есептеу қағидалары мен анықтамаларға сәйкес келетін «Сыртқы борышты құрастырушылар мен пайдаланушыларға арналған нұсқаулық» (ХВҚ, 2013) негізінде жүзеге асырылады.

КАМС сыртқы борышы бойынша статистикалық есепте мәліметтерді бөлшектеудің 2 түрі қолданылады: институционалдық секторлар бойынша (мемлекеттік басқару органдары, орталық банк, банктер, басқа секторлар және фирмааралық берешек) және сыртқы борышты өтеу мерзімі бойынша (алғашқы өтеу мерзімі бойынша қысқа және ұзақ мерзімді). Талдау мақсатында мәліметтерді аталғандай бөлшектеу мемлекеттік басқару органдарының, орталық банктің және 100% мемлекеттің меншігіндегі кәсіпорындардың борышын қоспайтын жеке меншік сектордың сыртқы борышына да қолданылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің ақпараты (https://www.gosreestr.kz), ұлттық басқару холдингтерінің, құрылтай құжаттары және БАҚ ақпараттары негізінде кәсіпорындар квазимемлекеттік сектордың субъектілері болып жіктеледі.

КАМС сыртқы борышы бойынша статистикалық есептер тоқсандық кешіктірумен 31 наурыз, 30 маусым, 30 қыркүйек, 30 желтоқсанда, ал қосымша талдамалы кестелер мен ақпараттар – негізгі статистикалық есептер таратылғаннан соң 10 күннен кейін орналастырылады.

Жоғарыға