Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 27 сәуір сағат 9:00-ден 28 сәуір сағат 23:00-ке дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін
Кеңейтілген айқындаудағы мемлекеттік сектордың сыртқы борышы
Кеңейтілген айқындаудағы мемлекеттік сектордың сыртқы борышы (КАМС) – бұл мемлекеттік сектордың (мемлекеттік басқару органдары және орталық банк) сыртқы борышынан; мемлекеттік сектор капиталының 50 пайызынан артығын тікелей немесе жанама иеленген немесе басқа да тәсілдермен бақылайтын банктер мен кәсіпорындардың (квазимемлекеттік сектор) сыртқы борышынан; мемлекет кепіл болған немесе кепілдігімен қамтамасыз еткен борыштан тұратын сыртқы борыштың талдамалы категориясы.